Рус 
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 700-800
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Сәуір 2020
ДүСеСәБеЖұСенЖе
  
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
   

Үштілділікті енгізу бойынша кешенді жоспар

 

Шығыс Қазақстан облысында үш тілді енгізу туралы ақпарат

 

Білім басқармасы мен жұмыс тобының мүшелері үш тілді дамыту және білім берудің барлық деңгейлерінде көптілді білім беруге көшу бойынша жағдайларды жетілдіру мақсатында 2019-2021 жылдарға арналған «Көптілді білім беруді дамыту» бойынша Кешенді жоспарды әзірлеп, бекітті. Осы жоспарды іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд.теңге бөлінді.

«Көптілді білім беруді дамыту» кешенді жоспарды жүзеге асыру барысында 2019 жылы облыстық бюджеттен 203 870,0 мың теңге бөлінді. 2018-2019 жылы ШҚО қалалары мен аудандарының жалпыеуропалық тілдік коммуникативтік құзыреттілік стандартына сәйкес қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша бірыңғай лексикалық, грамматикалық және тақырыптық минимумның әзірленген тест тапсырмаларының негізінде 5-7 сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігі негізігнде сөйлеу қызметінің 2 түрі бойынша кіріс және шығыс диагностикасы жүргізілді.

Облыста оқушылардың сөйлеу қызметінің екі дағдысы негізінде кіріс диагностикасының қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш 40,6%, аралық тестілеу өткізу қорытындысы 50,7%, шығыс бақылауының қорытындысы бойынша диагностиканың орташа деңгейі - 52,7%-ға жетті. Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәнінен оқушылардың білім көрсеткіші диагностиканың мониторнгісі бойынша білім сапасы - 19,62%-ға, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәнінен білім сапасы - 20,23%-ға және ағылшын тілі пәнінен білім сапасы 15,65%-ға өсіу байқалды.

Облыста тілдік пәндер мұғалімдерін саралап материалдық көтермелеу жүзеге асырылады. Халықаралық емтиханның және оқушылардың білім сапасы диагностикасының нәтижелері бойынша 2019 жылы 2 мұғалім мадақталып, 670 мың теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды. Олар, ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған курстардың нәтижелері және ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша халықаралық емтихандарға дайындық бойынша үздік жаттықтырушылар: "С. Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ - нің ағылшын тілі пәні мұғалімі Б.З.Асылханова - 500 мың теңге және Үржар ауданының "Абылайхан атындағы балабақша мектебі" КММ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.М. Советова - 170 мың теңге иеленді.

Білім басқармасы облыстың қалалары мен аудандарында француз тілі оқытушыларына талдау жүргізіп, облыс мектептерінде 2019-2020 оқу жылында 21 мұғалім жұмыс істейтінін көрсетті. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап француз тілін оқытумен 644 оқушы қамтылды. Оның ішінде 26 оқушы инвариантты және 619 оқушы вариативті бөлім есебінен (факультативтер мен үйірмелер) оқиды.

2019-2020 оқу жылында 1 сынып үшін француз тілі оқулықтарын сынақтан өткізу мақсатында ШҚО білім басқармасының 2019 жылғы 4 қыркүйектегі №495 бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені" КММ-не пилоттық мектеп мәртебесі берілсе, 1 сынып үшін неміс тілі оқулықтарын сынақтан өткізу мақсатында Өскемен қаласы әкімдігінің "№ 12 орта мектебі" КММ-не пилоттық мектеп мәртебесі берілді.

ЖҒЦ (физика және информатика) пәндерінің ағылшын тіліндегі оқулықтарын апробациялау мақсатында 2019-2020 оқу жылында ШҚО білім басқармасының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі №508-1 бұйрығымен "Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ-не пилоттық мектеп мәртебесі берілді; ЖҒЦ (химия және биология) пәндерінің ағылшын тіліндегі оқулықтарын апробациялау мақсатында 10-11 сыныптар үшін Семей қаласы әкімдігінің "№ 37 Гимназия" КММ-не пилоттық мектеп мәртебесі берілді.

2019 жылдың қыркүйек айынан бастап 977 тіл пәні мұғалімдері біліктілікті арттыру курсынан өтті:

 – ағылшын тілін оқыту әдістемесі бойынша - 450 мұғалім (400 – ағылшын және 50 - кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары);

- француз тілі пәні мұғалімдер саны - 27;

- 200 орыс және қазақ тілі пәні мұғалімдері төмен деңгейді көрсеткен және жаңадан келген мұғалімдер саны - 200;

- TKT CLIL сертификатына ЖҒЦ пәндері (физика, информатика, химия, биология) ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдер саны - 300.

Конкурстық негізде "Astana School of Business and Technology" ЖШС және "Capital Education Services"ЖШС мұғалімдері үшін курстарды оқыту қызметтерін берушілер ретінде анықталды. Курс сабақтарын DELTA, СELTA сертификаттары бар және "Pass B" деңгейімен жоғары білікті тренерлер жүргізді. Осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 142 290,0 мың теңге бөлінді. 2019-2020 оқу жылынан бастап 4 пәнді ағылшын тілінде оқытуға көшу кестесіне сәйкес 52 пилоттық мектепте 97 мұғалім ЖҒЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды енгізуде және 272 мектепте 573 мұғалім вариативтік бөлім есебінен ағылшын тілінде оқыту элементтерін ішінара жүргізеді.

2019-2020 оқу жылында тілдік коммуникативтік құзыреттіліктер негізінде сөйлеу қызметінің төрт түрі бойынша 7-сынып оқушыларына кіріс және шығыс диагностикасын өткізу жоспарлануда.

2020 жылы 650 педагогты, 2021 жылы 1500 педагогты оқыту жоспарлануда.

Білім басқармасының басшысымен әр бейсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін азаматтарды қабылдау жүргізіледі

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 377