Сенім телефоны – 701 - 828
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Қазан 2018
ДүСеСәБеЖұСенЖе
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
    

 

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (12.04.2018ж)

 

 

 

2018 жылға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын

жүзеге асыру бойынша ақпарат

 

ШҚО білім басқармасы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының білімнің салтанат құруын қалыптастыратын, патриоттық тәрбие беруге, рухани және мәдени құндылықтарды сақтауға және насихаттауға, жастардың шығармашылық әлеуетін қолдауға бағытталған «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасының 11 өңірлік және 22 республикалық жобаларын жүзеге асыруда.

(1. Үштілді білім беруді іске асыру;

2. Отаны бірдің – жүрегі бір;

3. Туған өлке тарихы;

4. Білікті маман;

5. Рухани білім беру;

6. Туған жердің кереметі;

7. Туған жердің табиғаты;

8. Оқитын мектеп;

9. Буккросинг;

10. Жақсы кітап жан азығы.

11. Туған мектеп)

Білім басқармасы құрған осы ішкі жобалардың нысаналы тобы білім мекемелерінің оқушылары мен студенттері болып табылады. Жобаны іске асыру аясында жалпы білім беретін және қосымша білім беру ұйымдарының қатысуымен көпшілік іс-шараларді өткізу жоспарлануда. Барлық іс-шаралар оқушылардың барынша көп қатысуын қамтамасыз етілуімен үш кезеңде өткізіледі: мектепішілік, аудандық/қалалық, облыстық.

Шығыс Қазақстанда үштілділікті енгізу бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізілуде.

Облыста 2015-2019 жылдарға арналған Үштілділікті дамыту бойынша Кешенді жоспар қабылданды.

Білім және ғылым министрінің 10.02.2016 жылғы №136 бұйрығына сәйкес «2015-2019 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында үштілділік білім беру бойынша апробация өткізу туралы» бұйрығы жарияланды, үш кезеңнен тұратын Кешенді жоспарды апробациядан өткізу бойынша Жол картасы әзірленді және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігімен келісілді.

Кешенді жоспардың екінші кезеңін жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 497 млн теңге бөлінді.

2017 жылдың 1 тамызынан 20 желтоқсанына дейін тілдік пәндер әдістемесі бойынша 2430 мұғалім курстарын аяқтады.

2016 жылы халықарлық ТКТ емтиханының қорытындысы бойынша:

- ТКТ емтиханының қорытындысы бойынша ТКТ тапсырған мұғалімдердің 75% базалық деңгейде білім көрсеткен, тіл тасымалдаушыларды тарту арқылы ТКТ сертификатын алу үшін қайта оқудан өтеді;

- жақсы деңгей көрсеткен мұғалімдер үшін бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқыту әдістемесін (Young Learners) оқыту үшін тіл тасымалдаушылар шақырылды;

- жоғары деңгей көрсеткен мұғалімдер үшін (21 мұғалімнің 11) халықаралық CELTA сертификатын оқытуға тьюторлар шақырылды, барлық ағылшын тілін оқитын адамдар үшін халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы болуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында барлық ағылшын тілі мұғалімдері ТКТ (2 модуль), ТКТ Young Learners және CELTA емтихандарын тапсырды.

Облыста ТКТ халықаралық емтихандары және оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін диагностикалау нәтижелері бойынша табысты жұмыс істейтін мұғалімдерге материалды түрде сараланған көтермелдеу жүйесі енгізілді.

2017 жылы облыстық педагог қызметкерлерінің тамыз кеңесінде 12 мұғалімге (170 мың тг.- 3 мұғалім), (500 мың тг.- 6 мұғалім), (800 мың тг. – 3 мұғалім) берілді.

2018 жылы халықаралық ТКТ және CELTA емтихан нәтижесі бойынша жаттықтырушылар құрамына халықаралық үлгідегі сертификаттандырылған мұғалімдер дайындалады.

Сертификатталған мұғалімдер ағылшын тілінен төмен деңгей көрсеткен, жаңадан келген және жаратылыстану-ғылыми цикл мұғалімдерін оқыту әдістемесі бойынша оқытады.

Бұл сертификатталған мұғалімдер төмен деңгей көрсеткен және жаңадан келген ағылшын тілі мұғалімдеріне, сондай-ақ жаратылыстану-ғылыми цикл пән мұғалімдеріне оқыту әдістемесін үйретеді.

2018 жылы 1300 мұғалімді оқыту жоспарлануда, оның ішінде:

- ағылшын тілін оқыту әдіснамасына - 700 мұғалім (жаңадан келгендер, төмен және орта нәтиже көрсеткен оқытушылар);

- төмен деңгей көрсеткен және жаңадан келген 200 орыс және қазақ тілдерінің оқытушыларын;

- жаратылыстану-ғылыми цикл пәнін оқытатын 200 пән мұғалімі ағылшын тілінде TKT CLIL (ағылшын тілін кешенді оқыту) сертификатына;

2018 жылдың мамыр айында облыстың білім беру мекемелері 6,8 сынып оқушыларының 4 сөйлеу түріне арналған тілдік коммуникативті құзыреттіліктерін бақылаудың диагностикасын өткізеді.

ЖООда бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған «Білікті маман» жобасы бойынша мектеп түлектерінің шет елдерге кетулерін азайту, жергілікті университеттердің ғылыми-техникалық және ғылыми-зерттеу базасын жетілдіру, шетелдік ғалымдарды тарту, жаңа және талап етілетін мамандықтарды ашу жоспарланып отыр.

Осыған байланысты облыстың кәсіпкерлері мен жоғары оқу орындарының облыстық палатасымен бірлесе отырып, 2021 жылы 477 орындық және жоғары педагогикалық мамандықтар бойынша 215 орындық жоғары білімі бар мамандардың объективті қажеттілігін анықтау бойынша жұмыс жүргізілді.

2018 жылы аймақтағы еңбек нарығына қажетті есепке ала отырып, жергілікті бюджет есебінен 400 білім беру грантын бөлу жоспарлануда.

ТжКББ жүйесіндегі оқу орындарының түлектері мен облыстың жұмыссыз жастарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, ШҚО білім басқармасы «Облыстың кәсіподақ орталығы», «Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ бірлесе отырып, 2018 жылдың 31қаңтарында 3 жетекші колледждер базасында «Prof networking» форматында облыстық кәсіби құзыреттілік байқауы өткізілді. ТжКББ жүйесі оқу орындары түлектері мен облыстың жұмыссыз жастарының саны 96 адамды құрады.

Кәсіби біліктілік байқауының қорытындысы бойынша, Өскемен қаласының кәсіпорындарымен облыстың жұмыссыз жастары мен колледж түлектеріне 25 дана кепілдік картбланш берілді.

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастарға болашақ мамандығын таңдауда көмек көрсету мақсатында Білім басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған «Стенд моб» мобильді тобы 2018 жылдың 15 наурызында Шемонаиха қаласында 7-11-сынып оқушылары мен жұмыспен қамтылмаған жастарға арналған шара ұйыдастырып өткізді. Шара қорытындысы бойынша 5 мектептен 250 ден астам оқушы, 50 ден аса жұмыспен қамтылмаған жастар және 60 ата-ана қамтылды. Іс - шараға аймақтағы 3 жоғары оқу орындары мен 8 колледж қатысып, нәтижесінде жастар бүгінгі таңда облысымызда сұранысқа ие мамандықтар бойынша толық ақпарат алып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдау мүмкіндігіне ие болды.

Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы облыстың жетекші кәсіпорындарымен бірлесе отырып, 18 ден 22 жас аралығындағы студенттер мен жұмысшы жастар арасында 2018 жылдың 3-5 сәуірі аралығында WorldSkills Shygys - 2018 халықаралық кәсіби турнирінің аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатын өткізді.

Жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын насихаттау мен қалыптастыру және техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарымен танысу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан 3000 оқушы шақырылды.

Аймақтық чемпионат 31 құзіреттілік бойынша өткізілді: «Киім дизайны және модельдеу», «Мерчандайзинг және витринистика», «Флористика», «Шаштараз өнері», «Мейрамхана қызметі», «Нан пісіру шеберлігі», «Аспаз ісі», «Отельдің ресепшионисі», «Құрғақ құрылыс-сылақ жұмыстары», «Плиткамен қаптау», «Бетонмен жұмыс техникасы», «Сантехника және жылыту», «Кірпіш қалау», «Ағаш ісі», «Шатыр жабдығы», «Ағаш өңдеу», «Дәнекерлеу технологиясы», «Жүк көлігіне қызмет көрсету», «Жеңіл көлікті жөндеу және қызмет көрсету», «Тоңазытқыш және желдету жабдығына қызмет көрсету», «Кузов жасау», «Слесарлық іс», «Электроника», «Желілік және жүйелік басқару», «Инженерлік графика», «Графикалық дизайн», «Веб-дизайн», «Ұялы робототехника», «Мехатроника», «Сандық бағдарламамен басқаратын токарлық станоктар», «Электр қондырғысы», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлардың слесарь жөндеушісі».

35 колледжден 170 астам студент және «Pixel» бағдарламалық мектебінің 1 қызметкері қатысып екі күн бойында бәсекеге түсті.

Аймақтық чемпионатқа бас сарапшылары болып кәсіпорындардың жетекші мамандары шақырылды. Чемпионаттың құрметті қонағы және бас сарапшысы Париж қаласында шаштараз өнерінен өткен әлемдік «Үздік шаштаразшы – 2017» байқауының жеңімпазы Владимир Дубинин болды.

Аймақтық чемпионаттың салтанатты жабылу рәсімінде жеңімпаздарға облыс кәсіпорындарының әлеуметтік серіктестері атынан бағалы сыйлықтар, төс белгілер, мүсіндер және дипломдар табысталды.

Аймақтық чемпионаттың жеңімпаздары ұлттық чемпионатқа қатысады, сонымен қоса 12-19 шілде аралығында «Жігер» жазғы лагерінде демалу мүмкіндігіне ие болды.

28.02-03.2018 ж Семей қаласында облыстық «My PRO» мамандық фестивалі өтті. Жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын насихаттау мен қалыптастыру және техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарымен танысу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан 3000 оқушы шақырылды.

«Рухани білім беру» жобасы «Дін істері басқармасы» ММ бірлесе іске асырылады және діни ағарту жұмысының тиімділігін жоғарылату, экстремизмге және радикализмге қарсы күресу, дінтану саласында білікті мамандарды даярлау үшін бағытталған.

Білім басқармасы ШҚО дін істері басқармасымен бірлесе отырып, исламтану саласында білікті мамандарды даярлау мақсатында 2017-2018 оқу жылынан бастап 2 колледжде (Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі - «Ислам негіздері пәнінің мұғалімі» және Семей қ. көпсалалы колледжі – «Имам хатиб») жергілікті бюджет есебінен 40 маман даярлау бастады.

«Туған өлке тарихы» жобасына сәйкес, білім басқармасымен өскелең ұрпаққа тәрбиелік бағыттарда табиғатқа деген махаббатын оятатын және жас ұрпақтың  туған өлкенің көрнекі жерлері мен табиғатын зерттеуге бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырылуда.

5,6,7 сынып оқушыларына арналған «Өлкетану» кіріктірілген курсы Шығыс Қазақстанның облыстық өнер мұражайлары мен тарих және жергілікті өлкетану, ландшафтық-этнографиялық мұражайлар базаларында өткізілуде. 5, 6, 7 сыныптарда туған жерді зерттеуге 5 сағат қарастырылған. Пән бойынша аймақтық білім беру бөлімдерімен күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды бекітілген.

Осылайша, 2017-2018 оқу жылының бірінші жартысында Өскемен қаласының барлық 47 мектептерінде 9540 оқушы көлемінде 5,6,7 сыныптарға арналған  «Өлкетану» курсы бойынша сабақтар өткізілді. Сабақтар облыстық тарихи-өлкетану, ландшафтты-өлкетану,этнографиялық мұражайлар мен Шығыс Қазақстанның өнер мұражайы базаларында өткізілді. Семей қаласында Абай атындағы, М.Әуезов, Достоевский мұражайларында және «Алаш» орталығында Абай атындағы кітапхана базасында сабақ өткізілді.

2017-18 оқу жылының бірінші жартысында Шығыс Қазақстан облысының мұражайларында (мектептен тыс) 206 орта және негізгі мектептердің 5-7 сыныптарына 1324 сабақ  туған өлке тарихы тақырыптарында өткізіліп, жалпы  есебі 17456 оқушы қамтылды.

«Өлкетану» республикалық жобасының аймақтық кіші жобасы. 2018 жылдың 2 мамырында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.Нүсіпованың төрағалығымен Шәкәрім атындағы СМУ, КАЕУ,  С. Аманжолов атындағы ШҚМУ тарих, география, өнер және әдебиет саласындағы ғалымдардың және жергілікті тарихшылар, мұражай-мұрағат қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті.

Жиналыстың қорытындысы бойынша жаңа авторлық топ құрылып және жаңартылған мазмұн бойынша негізгі орта білімнің 5-7 сыныптары үшін «Өлкетану» оқулығын әзірлеу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасалды. Бүгінгі таңда оқулық қорытынды өңделу кезеңінде. «Ұстазым - мақтанышым» кіші жобасы бойынша республикалық «Ұстаз – өзгерістер елшісі» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Отаным - тағдырым» негізгі бағдар бойынша жоба төлқұжаты, жоба тобы, жобалық жоспарды басқару, жол картасы, шығын сметасы әзірленді. Ұстаздар арасында кәсіби сайыстардың өңірлік кезеңдерін жүйелі өткізу (3 жылда 1 рет) мақсатымен 2018 жылы «Ұстазым - мақтанышым» жобасына 8 іс-шара енгізілді - «Жыл мұғалімі», «Жыл менеджері», «Жыл психологы», «Үздік қосымша білім беру педагогы», «Үздік мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі», «Үздік информатик», «ШЖМ-те үздік сабақ», «Педагогикалық идеялар фестивалі». «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» іс-шарасының облыстық кезеңі ғылыми-практикалық конференция ретінде өтетін «Отаным - тағдырым» базалық бағытының республикалық реестрына еніп, аталған іс-шара 2018 жылдың қазан айында өткізіледі. Республикалық «Тарих мұрасы» жобасының «Үздік мектеп мұражайы» байқауы 2018 жылдың тамыз-қыркүйек айына жоспарланған конкурстың облыстық кезеңі ретінде «Отаным-тағдырым» негізгі бағытының республикалық реестрына енді.

«Менің мектебім» жобасын жүзеге асыру басталды. Облыста барлығы толық жинақталған 277 орта мектеп жұмыс істейді. 2017 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жаңа модификация кабинеттерімен мектептерді жабдықтау (физика, биология, химия, роботты техника) 728 кабинетті құрады (266 – физика кабинеті, 210 – биология кабинеті, 252 –химия кабинеті). Сонымен қатар 2005-2010 жылдар аралығында 435 жаңа модификация кабинеттері жеткізілді (233 – физика кабинеті, 124 – биология кабинеті, 78 – химия кабинеті).

Толық жинақталған облыс мектептерін қолданыстан шыққан жабдықтарды ауыстырып есептегенде, жаңа модификация кабинеттерімен жабдықтаудың қажеттілігі 2017 жылғы 1 қыркүйекке 911 кабинетті құрады (299 – физика, 209 – биология, 131 – химия, 272 роботты техника).

«Менің мектебім» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша толық жинақталған 277 мектепте 476 жаңа модификация кабинеті жабдықталынатын болады (66 – физика, 85 – биология, 53 – химия, 272 роботты техника).

Аталған акцияның шеңберіндегі жеткізілетін жабдық пен жиһаздың жалпы құны 2,8 млрд. теңге, сонымен қатар оқу жабдығының бағасы – 2,3 млрд. теңге, жиһаз өнімінің бағасы – 0,5 млрд. теңге.

Жаңа модификация кабинеттерімен жабдықтау үшін облыс мектептерінің табысты түлектері мен меценаттардан «Парыз» қорына 2,3 млрд. теңге көлемінде түсімі күтілуде. 15 мамырда меценаттардан «Парыз» қорына 1,4 млрд. теңге түсті, ол жалпы жоспардағы түсілімнің 61% құрайды. Бұл ретте аудандар мен қалалардың меценаттарынан жоспарланған 1,3 млрд. теңге орнына 465,1 млн. теңге ғана түсті (белгіленген соманың 34,5%).

50%-дан кемі Өскемен қ. (9%), Зайсан ауданы (43%), Тарбағатай ауданы (25%), Ұлан (39%) және Үржар (25%) аудандарының меценаттарынан түсті.

2018 жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша кабинеттердің дайындық кестесіне сәйкес, 226 мектепте 365 кабинет жиһаз бен жабдықтарды қабылдауға дайын. Сонымен қатар 205 мектепте кабинеттер 100% дайын (336).

Санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес мектептердегі кабинеттерде жаңа жабдықтарды орнату үшін жөндеу жұмыстары жүргізілген (кәріз, су құбырлары және электр сымдары тартылған, өртке қарсы дабыл орнатылған, қабырғаларды, төбелерді, едендерді тегістеу, есіктерді ауыстыру, және т.б. құрылыс жұмыстары орындалған). Бұл мақсатта жергілікті бюджет есебінен 338,3 млн. теңге бөлінді.

Бүгінгі күні жалпы 1 750,4 млн. теңге сомасына облыс мектептеріне жабдықтар мен жиһаздар жеткізілді, сонымен қатар:

- Роботты техника кабинетінің жабдықтары 1 665,6 млн. теңге сомасына;

- Жиһаз өнімі 84,8 млн. теңге сомасына.

Жиһаз өнімі барлығы 130 кабинетке қойылды (қабылдау-тапсыру актілері негізінде), ағымдағы жылғы сәуір-мамыржоспарланған жеткізу жұмыстары бойынша 178 кабинет, жеткізу жұмыстары 73% орындалды, сонымен қатар:

- 5,2 млн. теңгеге 8 физика кабинеті;

- 20,1 млн. теңгеге 11 химия кабинеті;

- 26,6 млн. теңгеге 20 биология кабинеті;

- 32,8 млн. теңгеге 91 роботты техника кабинеті.

Өткізілген акция қорытындысы бойынша облыс орта мектептеріне толық жинақталған жаңа модификация кабинеттерін сатып алу үшін қосымша қажеттілік 435 кабинетті құрайды (233 физика, 78 химия, 124 биология кабинеттері). Қосымша қаржыландырудағы қажеттілік 3,4 млрд. теңгені құрайды, соның ішінде:

  • 2,1 млрд. теңге 233 физика кабинетіне;
  • 0,6 млрд. теңге 124 биология кабинетіне;
  • 0,7 млдр. теңге 124 биология кабинетіне.

Қажетті жалпы сомадан жиһаз өнімінің бағасы 936,0 млн. теңгені, оқу жабдығының бағасы 2,5 млрд. теңгені құрайды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім басқармасымен әлеуметтік-ақпараттық tylek.kz жүйесін құру мақсаты болып табылатын, туған өлке тарихын зерттеу арқылы патриоттыққа тәрбиелейтін, өскелең ұрпақтың моральдық-адамгершілік құндылықтары мен азаматтық мәдениетіне бағытталған «Отаны бірдің - жүрегі бір» жобасы жүзеге асырылуда. «Tylek.kz. ШҚО түлектері» сайтының басты міндеті туған ауылы мен мектебінің керекті жағдайларына мектепті бітірген бұрынғы түлектердің назарын аудару. tylek.kz сайтында іс-шаралар шеңберінде «Туған жер»/ «Мой родной край» бөлімі құрастырылды. Бөлім бөліктерге бөлінген таспа қағидасы бойынша құрылды: «ШҚО картасы», «Медиатека», «Галерея» және «ШҚО 100 жаңа есімі». Сондай-ақ орын алған жағдайларды жариялауға болатын «Әлеуметтік желі» бөлігі құрылды. 2018 жылдың басында «Tylek.kz» интернет-ресурсының ауқымды редизайны өзгертілді, сонымен қатар «Tylek.kz» сайтының ақпараттық қолдауын жетілдіру бойынша жұмыстар жаңа платформада жүргізілді. Сайттың жұмысымен жүзеге асатын тапсырма – облыс мектептері түлектерінің деректер базасын құру, материалды және материалды емес түрде демеушілік көмек көрсету, облыста меценаттық қозғалысты дамыту, сондай-ақ сайттың көмегімен «Жүректен жүрекке» акциясын өткізу. Қазіргі уақытта сайттың жаңа бөлімдерін құру үшін онлайн-ресурстың және жаңа платформаның үлгісі өзгертілді, онлайн-ресурстың дизайны және әкімшілендіру бойынша техникалық тапсырма құрылды.

«Отаны бірдің-жүрегі бір» жобасы бойынша қазіргі уақытқа келесі көрсеткіштер бар: «Жүректен жүрекке» акциясы аясында қамтылған балалардың саны 1675 оқушыны құрады; tylek.kz сайтында тіркелген түлектердің саны – 8000 адам; 2018 жылы туған мектебіне көмек көрсеткен меценаттардың саны 58 адамды құрады.

«Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Абай әлемі» кітабы құрастырылды. Қазіргі уақытта патриоттыққа тәрбиелеу, Абайдың кең әдеби мұрасын, қазақ тілі мен әдебиетін оның мәдениетіне тарта отырып насихаттау, этностың қызығушылығын арттыру бойынша елдің бірлігін нығайтуға бағытталған жаңа бағдарламалар мен әдістемелік құралдар құрастырылуда. Рухани жаңғырудың «Абай әлемі» кітабы «Рухани жаңғыру» жобасы шеңберінде толықтырылған нақтылық технологиясымен 3D үлгіде жасалған. Аталған 3D-кітап оқушыларды ұлы Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстырады және қосымшаның көмегімен қазақтың мәдени мұрасын зерттеуге жас ұрпақтың қызығушылығын арттырады. «Абай әлемі» деп аталатын AR-қосымшасы Google Play Market дүкенінде бос қол жетімділікте орналасқан.

Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылғы 27 сәуірде Өскемен қаласында облыс мектептерінің оқушылары өздерінің ғылыми жобаларын ұсынған «ІТ-білім –болашаққа қадам» VI жыл сайынғы ІТ фестивалі өтті. Қатысушылар жобаларының бағытына байланысты «Мейкерлік», «Smart-технологиялар», «ClusterPro» және «Digital орта» 4 сектор бойынша өз жұмыстарын таныстырды. Жалпы алғанда Шығыс Қазақстандық оқушылар 50-ден астам жобалар ұсынды. Тәуелсіз сарапшылармен фестиваль қорытындысы бойынша «Үздік ІТ-жоба» анықталды, сондай-ақ онлайн дауыс беру арқылы «Көрермен көзайымы» номинациясының жеңімпазын көрме қонақтары анықтады. Ең үздік жұмыс болып Семей қаласының қатысушылары Қуанышев Диас пен Боранғали Асаналидің «Автономдық жылыжай» анықталды. Көрермендер көзайымының сыйлығы облыс орталығының «Тұрғын үй-жайдың күзет дабылын жобалау» жобасы үшін Родионов Вячеславқа берілді.

Бұзан бөлек, ІТ-фестивальда облыстық конкурстардың қорытындылары шығарылды. Облыс педагогтары арасында өткізілген «Болашаққа қадам» конкурсында бірінші орын Риддер қаласынан Татьяна Глотоваға берілді. Екінші орын Семей қаласынан Мархаба Шарипханова алды. Конкурстың кезекті жеңімпазы үшінші орын алған Зайсан ауданынан Дуанханов Ринат болды.

Сондай-ақ ІТ-фестивальда «Білім беру мекемелерінің үздік веб-сайты» конкурсының нәтижелері жарияланды. Оның қорытындысы бойынша Семей қаласының №27 жалпы орта мектебінің ресми веп-сайты үздік сайт болып аталды. Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі күміс жүлдені иеленді. Жүлделі .шінші орынды Өскемен қаласының Әуезов атындағы №17 орта мектебі алды.

Фестиваль көрермендерін толықтырылған нақтылық қолданылған экран, интерактивті құмсалғыш, «Bullet Time» фото белсенділік, мобильді планетарий жаңа технологиялар саласындағы ғылыми ойын-сауық алаңы, озық жетістіктерді өздері көруге болатын айрықша мүмкіндігі тосып тұрды. Сондай-ақ фестиваль қонақтарының қолдан жасалған роботтарды іс-әрекет кезінде көре алатын, виртуалды нақтылық көзілдірігін киіп көру, 3Д инновациялық кітаптарды ашып көруге және гид-роботпен сөйлесуге мүмкіндіктері болды. Жалпы көрмені 2200 адамдай көрді.

Балалармен жұмыс жүргізуде ұлттық сана-сезімді және тарихи сананы қалыптастыруға басты назар аударылады:

- 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысы білім ұйымдарының 8-10 сынып оқушыларының 100% қамтылуымен ауқымды «Әдеби Шығыс» жобасы жүзеге асырылды. Жоба әдебиетті оқуға ерекше қызығушылық танытқан оқушыларды анықтауға және ынталандыруға, оқушылардың танымдық белсенділіктеріндамыту,оқырмандардың қабылдау және түсіну мәдениетін қалыптастыру, өскелең ұрпақты туған өлкенің әдеби мұрасына араластыруға бағытталды. Жоба аясында облыстың барлық аудандары мен қалаларында «Мақтанамын, кең байтақ Шығысыммен» Шығыс Қазақстанның ақындары мен жазушыларының шығармаларын мәнерлеп оқушылар конкурсы; «Жастар таланты – туған өлкеге арналады» тақырыбында үздік авторлық шығарма конкурсы; Қазақ/орыс тілдеріне деген қызығушылығын арттыру және сауаттылығын әйгілеуге бағытталған жаппай диктант білім беру акциясы өтті. Конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Дарын» ШҚ ӨҒПО (Таулы Үлбі) «Әдеби Шығыс» бейіндік ауысымның және мұражайлар мен өңірдің киелі жерлері: Күшікбай асуындағы бұлақ, Еуразиялық континенттің географиялық орталығы, «Еңлік-Кебек» ескерткіші, Абай-Шәкәрім мемориалдық кешені, Абай Құнанбаев атындағы үй-мұражайында, Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайы, Ф.М. Достоевский атындағы үй-мұражайы, Семей қаласындағы Абай атындағы мұражайда, тарихи-өлкетану мұражайында, А. Ивановтың ескерткішінде, «Мария шыңы» кешенінде болып, «Әдеби Шығыс» оқу-жаттығу айналымының қатысушысы атанды.

- Балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту,оқушыларды тарих, география, Шығыс Қазақстанның табиғаты мен мәдениеті жөнінде оқып үйрету, білімдерін кеңейту, жас ұрпаққа патриоттық және азаматтық тәрбие беруге бағытталған «Менің Отаным - Қазақстан» туристік-экспедициялық жасақтардың облыстық слеті – әлеуметтік-білімдік жобасы 2017 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Слетке қатысушылардың саны жылдан жылға артып отыр:

- 2017 жыл: мектепішілік кезең – 34000 адам; аудандық/қалалық кезең – 153000адам; облыстық кезең – 104 адам.

- 2018 жыл: мектепішілік кезең – 43500 адам; аудандық/қалалық кезең – 16200 адам; облыстық кезең – 200 адам.

Слет бағдарламасы жарқын іс-шаралармен, қызықты конкурстармен, мазмұнды сабақтармен қанық болды. Қатысушылар үшін: «Қазақстанда туризм индустриясын дамыту және қалыптастыру» тақырыбында дәрістер, «Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы» бойынша шеберлік сыныптары, спорттық бағдарлау, құзға шығу, топография, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, құтқару жұмыстары, кәсіптік рафтинг, жаяу жүру туризмінің техникасы, археологтармен әңгімелесу, конкурстар, кросс-жорықтар, квестер және мәдени-тарихи құндылықтарды зерттеу бойынша экспедициялар ұйымдастырылды. 2018 жылы балалар: Берель қорғандары; Ұлттық саябақ тәлімбағы; Марал өсіруші шаруашылыққа; Омарта; Рахман қайнары; Ақ тау (Мұзтау); Семей қаласының көрікті жерлері; Күшікбай асуындағы бұлақ; М. Әуезов үй-мұражайы; Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды Абай мұражай-қорығы; Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайы; Семейдегі Жидебай тарихи-өлкетану мұражайы (Жидебай қорығы); «Еңлік-Кебек» ескерткіші; Ақбауыр; Аблаинкит; Сібе көлдері; Қоңыр әулие үңгірі; Қиын Керіш алабы; Марқакөл қорығы; Марқакөл көлі; Мойнақ шатқалындағы петроглифтар галереясына барып қайтты.

- 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысында 5-10 сынып оқушылары үшін алғаш рет «Алтын қазына» жобасы жүзеге асырылды. Жобаның бірегейлігі балалар тек қана өздерінің зерттеушілік ізденістерінің нәтижесін көрсетіп қана қоймай, толығымен оқу үрдісі мен презентацияларының нәтижесін дайындау әдістемелігімен қосталды. Бірінші кезеңінде балалар аудандық/қалалық деңгейдегі іріктеу кезеңінен өтті (жеңімпаздар 162 адам). Екіншіде – «Алтын қазына» этнографиялық жазғы мектепте оқыту. Жазғы мектептен өткен оқушылар халық өміріне тікелей бақылауды(тұрақты және экспедициялық зерттеулер, жинақтамаларды топтау т.б.) енгізетін далалық кезеңге қатысты. Әрі қарай жоба қатысушылары ғылыми жетекшілердің басшылығымен этнографиялық мәліметтерді өңдейді және талдайды, презентацияларды әзірлейді. Этнографиялық зерттеулер қорытындысы бойынша балалар келесі бағыттардағылыми жобаларды ұсынды: ШҚО халықтарының этнографиясы, тарих және этнография, тіл білімі және этнография, этнос пен табиғи ортаның өзара байланысы, этногенез, халық шығармашылығы. Сонымен қатар, барлық қатысушылар ұлттық фольклор мен халық музыкасының «Дала үні» фестиваліне қатысты. 

Оқушыларды туған өлкенің экологиялық және тарихи-мәдени мұрасын оқуға ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру жазғы мектептерді, тарихи сауаттылықтарын бағалау бойынша конкурстар мен олимпиадалар өткізу барысында жүзеге асырылды:

- Оқушыларды археологиялық білімге араластыру, археологиялық зерттеу әдістемесімен таныстыру, облыстағы дарынды оқушыларды тарих және археология бойынша облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жобалар конкурсына дайындау мақсатында 2018 жылдың маусым-шілде айларында «Киелі Алтайым – Туған жерім» археологиялық жазғы мектептерікелесі бағыттар бойынша өткізілді: Көктүбек қорғаны (Тарбағатай ауданы), Аблаинкит оқшау бекінісі (Ұлан ауданы), Көкентау таулы сілемі (Семей қаласы). Оқушылардың қамтылуы 150 адамды құрады (ШҚО жалпы білім беру мекемелерінің 8-10 сынып оқушылары). Археологиялық мектеп оқытушыларының құрамында Назарбаев университетінің, Алб-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, А. Мағұлан атындағы археология институтының, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің, Қазақстан Республикасы ұлттық мұражайының, Ақдениз университетінің (Түркия), С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің докторлары мен ғалым профессорлары болды.

- 2018 жылғы мамыр айында «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті. Олимпиада үш кезенен тұрды: мектепішілік іріктеу, аудандық/қалалық іріктеу және облыстық Олимпиаданың облыстық кезеңіне облыстың білім беру ұйымдарының 6-11 сыныптарының 250 оқушысы қатысты. Олимпиада үш айналымда өтті: әдебиет, география, Қазақстан тарихы піндерінен кешенді олимпиада; «Келешекке кемел біліммен» квесті – Шығыс Қазақстанның аумағында орналасқан аймақтық компонентті, соның ішінде ұлттық маңызы бар киелі нысандарды білуге аранлған командалық ойын-жарыс, «Менің кіші отанымның тарихи-мәдени мұрасы» фотосурет көрмесі. 112 жүлдегер мен жеңімпазды анықтаған қазылар алқасы құрамына атқарушы билік органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, журналистер, ғылыми және шығармашыл зиялылар өкілдері кірді.

- Жыл сайын жас өлкетанушы-экологтар мен натуралистердің «Табиғатты аяла» облыстық форумы өткізіледі. Форумның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетке және өлке табиғатына экологиялық бағдарланған қатынасты тәрбиелеу болып табылады. 2018 жылы форумға: мектепішілік кезеңге – 50000 адам, аудандық/қалалық кезеңге – 22500 адам, облыстық кезеңге – 200 адам қатысты. Облыстық форум мемлекеттік басқару органдарының өкілдері, азаматтық сектор, педагогтар мен оқушылар арсындағы экология саласындағы өлкетану мәселелерін, ресурсты үнемдеу,қорғау, табиғи және жасанды құрылған экожүйені сақтауды оқып үйренуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік туғызатын ірі коммуникативтік және құзырлы алаң болды. Форумның жұмысы «Туған өлкенің табиғатын аяла» ғылыми-практикалық конференция және келесі номинациялар бойынша «Туған өлкені зерттейміз», «Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта» зерттеу жобалар конкурсы түрінде ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бағдарламаға: облыстың алдыңғы қатарлы эколог-педагогтарының шеберлік сыныптары, «Қалдықтар-табыстарға» шығармашылық жұмыстарының көрмесі, «Экоәлем» бейнероликтер презентациясы, «Табиғатты құтқару шеңбері» экологиялық квесті және «Жасыл әлем» экологиялық акциясы енгізілді.

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 345