Рус 
Сенім телефоны – 701 - 828
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Қазан 2018
ДүСеСәБеЖұСенЖе
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
    

2018 жылғы 1 тоқсан бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ақпарат

 

         Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында ШҚО білім басқармасы Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бойынша 2018 жылға арналған ведомствоаралық жоспарды жүзеге асыруда.

         Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мәселесі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия отырысында үнемі қаралады.

Балаларға қатысты жыныстық қол сұғушылық қылмыстардан оларды тиімді түрде қорғау мақсатында облыстық прокуратурамен бірлесіп, «Балаларды бірге қорғайық», «Берекелі отбасы – сәтті балалық шақ» жобаларын іске асыру бойынша Жол картасы жүзеге асырылуда. Облыстық әкімдік қаулысымен ағымдағы жылғы қаңтарда аталмыш жобаны жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

         Облыста 657 жалпы білім беретін мектеп және 83 техникалық және кәсіби білім беру мекемелері қызмет істейді, олардың ішінде 270 мектеп пен 38 колледж бойынша 212 полиция инспекторы бекітілген, олар бірлесіп бірқатар профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен панасыздықтың алдын алу, олардың құқықтарын қорғау бойынша органдар мен мекемелер жүйесінің қызметін белсендендіру мақсатында 2018 жылғы 5-21 ақпан аралығында облыс аумағында «Жасөспірім – 2018», «Жасөспірім – Панасыз балалар», «Жасөспірім – Отбасы», «Байқаңыз, балалар!» және «Қауіпсіз мектеп» ведомствоаралық профилактикалық іс-шаралардың 2 кезеңі өткізілді.

         Облыс мектептерінде 305 полицияның жас көмекшілері жасақтары құрылған, олардың құрамындағы оқушылар саны – 2133, техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің 83 оқу мекемесінде 698 адамның қамтылуымен 50 жасақ құрылған.

         Облыс мектептерінде прокуратура, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен бірлесіп, «Мектеп, отбасы және мектеп оқушыларының психологиялық денсаулығы» тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналыстары (қатысушылар саны – 98 156 адам), «Менің қауіпсіздігім» атты сынып сағаттары (қатысушылар саны – 175 486), «Ерте отбасын құру: артықшылығы мен зияны»  тақырыбында ата-аналар және оқушылармен сұхбат (қатысушылар саны – 74 469) өткізілді, «Қоғамда зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» тақырыбында кітап және фото көрмелер ұйымдастырылды.

         Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен панасыздықтың алдын алудың табыстылығы оқу үдерісінің сапалы ұйымдастырылуына, сабақтан тыс және каникул кезіндегі демалыс уақытының тиімді ұйымдастырылуына және жүйелі түрде бақылау мониторингінің жүргізіліп отырылуына байланысты.

         2017-2018 оқу жылында қосымша білім берумен 136 632 (74,9%) бала қамтылды (2016 жылы - 44,8%). 

         Сонымен қатар, қосымша білім беру бағдарламасы жалпы білім беретін мекемелерде жүзеге асырылады. Мысалы, әртүрлі үйірмелерде 55 546 адам, соның ішінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияның есебінде тұрған 547 бала өз қызығушылықтарына сәйкес шұғылданады.

         Облыс әкімінің «Шығыс Қазақстан облысында балалар-жасөспірімдер арасындағы шайбалы хоккей, футбол, волейбол, баскетбол және басқа бұқаралық спорт түрлерін дамыту шаралары туралы» 2016 жылғы 24 мамырдағы №154 қаулысына сәйкес 2016 жылғы 1 қыркүйектен облыстың жалпы білім беретін мектептерінде спорттың бес түрі: волейбол, футбол, шайбалы хоккей, шаңғы спорты, дзюдо бойынша мамандандырылған спорттық сыныптар ашылған (қамтылғандар саны – 495 оқушы).

         Жасөспірімдерге құқық бұзушылық, есірткі және психотроптық заттарды қолдану және сақтағаны үшін қылмыстық, әкімшілік жауапкершілік туралы ақпарат беру мақсатында 2018 жылдың 1 тоқсанында жоғарғы сыныптың 58125 оқушысы және техникалық,  кәсіптік білім беру мекемелерінің 1 курсының 7635 студенті үшін құқықтық лекторийлер өткізілді.

         Жалпы, соңғы 10 жыл ішінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс көрсеткіші 3 есе дерлік азайған (2008 жылы – 989 қылмыс болса, 2017 жылы -  367).

         2018 жылы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың азаюының оң динамикасы байқалады, 2018 жылғы 1 тоқсан қорытындысы бойынша қылмыс  28,4% азайған (67-ден 48-ге).

         Кәмелетке толмағандар тарапынан зорлау, тонау, бопсалаушылық, нашақорлық фактілеріне жол берілмеген.  

         Облыс аумағында Халықаралық Балалар Қоры ЮНИСЕФ БҰҰ 2 жобасы жүзеге асырылып жатыр – «Балаларға қатысты әділ сот», сонымен қатар заңмен қайшылық болған балалардың психикалық денсаулығына қатысты қажеттілігін зерттеу.

         Жасөспірім қылмысының алдын алу жүйесінде өз қызметтерін құқық қорғау органдарымен бірлесе жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті үлкен рөл атқарады. Облыстағы ювеналды полиция бөлімшелері мен «Феникс» бейімдеу және дамыту орталығы» қоғамдық ұйымының (ҚҰ) ынтымақтастығы мен өзара әрекеттестігін осының жағымды мысалы ретінде атауға болады.

         Аталған өзара әрекеттестік шеңберінде қызметкерлерге арналған жұмыс жүргізіледі, атап айтқанда әдістемелік көмек көрсетіледі (полиция қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, сұхбаттар), ақпараттық кампаниялар (буклеттер, плакаттар, кітапшалар тарату) ұйымдастырылады. Сонымен қатар, учаскелік инспекторларды қатерлі топтағы кәмелетке толмаған, девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізу әдістері мен дағдыларына үйрету бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру жүзеге асырылады, қиын балалармен жұмыстың стратегиясы мен тактикасы бірлесіп әзірленеді. Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша облыстық бөлімшелердің есебінде 547 кәмелетке толмаған балалар, сонымен қатар 646 қолайсыз отбасы, оның ішінде 866 бала тұр. 

         «Балаларға қатысты сот төрелігі» жобасын жүзеге асыру аясында «Феникс» ҚҰ қызметкерлері бірінші рет ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыс жасаған жасөспірімдерге істеген ісін сезінуге, қайталануын болдырмауға бағытталған психологиялық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету бойынша қызметтер ұсынады. Бағдарлама жасөспірімнің отбасымен, әлеуметтік ортасымен жұмысты қамтиды.

 

 

1) Кәмелетке толмағандардың жыныстық еркіне қол сұғылмаушылық бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу

 

2) Жасөспірімдер арасындағы маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 345