Рус 
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 700-800
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Сәуір 2020
ДүСеСәБеЖұСенЖе
  
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
   

 

Облыстың білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу 

 

Соңғы 3 жылдың ішінде кәмелетке толмағандар арасында суицидтік көріністер 67,8%-ға азайғанымен (2016ж. – 56, соның ішінде аяқталғандар - 15, 2017ж. – 47, соның ішінде аяқталғандар - 12, 2018ж. – 38, соның ішінде аяқталғандар- 10) кәмелетке толмаған арасындағы суицидтік мінез-құлық проблемасы өзекті болып қала береді және отбасы, мектеп және қоғам тарапынан үнемі назар аударуды талап етеді.

2019 жылдың 12 айында кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың 65 фактісі тіркелген, соның ішінде 13-аяқталған, 52-өзіне-өзі қол жұмсауға ұмтылу.

Кәмелетке толмағандар арасындағы 65 суицидтік мінез-құлықтың 35-мектеп оқушысы, 23-колледж студенттері, 2-арнайы мектеп оқушылары, 1- кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан, 2-балалар үйінен, 1-облыстық спорт мектебінен, 1- Семей қаласындағы Шәкарім атындағы университетінен.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өзіне-өзі қол жұмсау 23,8% көбейді. (2018 жылдың 12 айында: 10-аяқталған, 28- әрекеті).

Кәмелетке толмағандар арасындағы 65 суицидтік мінез-құлықтың негізгі себептері мынадай:

- толық отбасынан - 37;

- толық емес отбасынан - 23;

- жетім – 5;

- берекелі отбасынан – 42;

- берекесіз отбасынан – 18;

- НПД, КТІЖБ тіркелген – 6.

Балалардың өз-өзіне қол жұмсауының 65 жағдайының себептері:

- отбасылық жанжал – 28;

- жауапсыз махаббат - 13;

- жалғыздық сезімі - 5;

- белгісіз жағдайда – 12;

- басқасы - 7

Мәліметтердің шынайлығын қамтамасыз ету үшін білім басқармасы, ШҚО полиция департаменті, ҚР ШҚО бойынша  Бас прокураторасының арнайы есепке алу және құқықтық сатистика комитетімен ай сайын салыстыру жүргізіледі.

Жағдайды жақсарту және ведомствоаралық ынтымақтастықтағы үйлестіруші рөлін күшейту үшін, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары төрағалығымен облыстың барлық аймағында жасалған суицид себептері мен факторларын анықтап, оның алдын алу жұмыстарын жүргізетін мобильді жұмыс топтары құрылды. Жұмыс топтары сапарлар мен тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, өзіне қол жұмсау әрекеті мен аяқталған фактілерді талдайды.

Жұмыс жоспарына сәйкес Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы тоқсан сайын өткізіледі. 2019 жылы облыстық комиссияның 4 отырысы өткізілді, оның ішінде 2 көшпелі отырыс. Облыстық комиссия жұмысына үкіметтік емес ұйымдар белсенді түрде тартылуда.

Комиссияның кезекті отырысында Білім басқармасының "Альтернатива" медиация және құқық орталығы" ҚБ-мен бірлесіп әзірлеген "Мектеп медиациясы қызметі" жобасы ұсынылды. Жоба ШҚО білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылуда.

Жоба аясында оқушылармен, ата-аналармен және педагогтармен тренингтер өткізілді, "Мектеп медиациясы қызметі" кабинеттері ашылды. Жобамен Алтай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Шемонаиха, Ұлан, Глубокое аудандары мен Риддер, Өскемен және Семей қалаларының 3 колледжі мен 21 мектебі қамтылған.

2019 жылғы 22 қарашада "Мектеп медиациясы қызметі" атты халықаралық конференция өткізілді, ол жерде жобаның 2019 жылғы іске асу жұмысы қорытындыланды. Конференция жұмысына Италия, Ресей елдерінің, облыстық төрешілер алқасының, ШҚО полиция департаментінің өкілдері, педагогтар, оқушылар мен студенттер қатысты.

Сонымен қатар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде "Қоғамды ақпараттық қолдау қоры" ҚБ-мен бірлесіп "Біздің балалар - біздің болашағымыз" жобасы жүзеге асырылуда. "Біздің балалар - біздің болашағымыз" жобасы ата-аналарды балалардың үрейлі жағдайының алғашқы белгілерін танып білуге  және алғашқы көмек көрсетуге үйретуге бағытталған. Жоба аясында 2019 жылдың 15-18 қазан аралығында Израиль маманы Гила Петрова білім беру ұйымдарында ата-аналар тобын жүргізу бойынша облыс психологтары үшін оқыту жүргізді. Аталған оқумен облыстың 200 педагог-психологтары қамтылды.

2019 жылғы 11 қазанда ҚР Білім және ғылым министрлігі Өскемен қаласында Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес өткізді, іс-шара барысында Шығыс Қазақстан облысының отбасы мен балалықты қорғау саласындағы жұмыс тәжірибесі қорытындыланды.

Республикалық кеңестің жұмысы 2019 жылғы 12 қазанда жалғасты, жұмыс барысында 30 үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ҮЕҰ қоғамдық өмірдегі рөлін арттыру, олардың жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылы және өз жұмысында ШҚО тәжірибесін қолдану бойынша ұсыныстар берілді.

"Нұр Отан" - "Бақытты отбасы" партиялық жобасын жүзеге асыру бойынша Жол картасын орындау мақсатында ата-аналарға арналған "Саналы ата-ана" курсы ұйымдастырылды.

Bilimvko.gov.kz білім беру порталында жалпы білім беру мекемелерінің психологтары үшін арнайы бөлім құрылды, ол жерде әдістемелік ұсыныстар (жадынамалар, брошюралар) орналастырылды.

Кәмелетке толмағандарға зиян келтіру, зорлық-зомбылық көрсету, балаларды құқыққа қарсы әрекеттерге тарту туралы ақпарат пен бейнематериалдарды жедел анықтау мақсатында ҚР БҒМ тарапынан Telegram мессенджерінде чат-конференция құрылды. Чатта біздің облыс бойынша 526 жазылман, атап айтқанда, психологтар, әлеуметтік педагогтар, білім беру басқармасының қызметкерлері және қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің мамандары тіркелген.

Облыстың 648 жалпы білім беретін мектептерінде 689 психолог жұмыс істейді, оның ішінде 674 - жоғары білімді, 62 - жоғары санатты, 357 маман біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарына облыстық психоневрологиялық диспансердің психологтары тартылған. Денсаулық сақтау қызметкерлері тарапынан барлығы 5 семинар, 12 дәріс және тренингтер өткізілді, психологтар, мектеп және колледж педагогтары үшін 15 буклет және 20 ақпараттық парақтар таратылды.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу бойынша Жол картасын, "Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу бойынша жобаны кезең-кезеңмен енгізу туралы" бірлескен бұйрықты орындау мақсатында, 2018 жылдан бастап облыс орталығында және Семей қаласында медициналық ұйымдардың мамандарын 3 кезеңдік оқыту басталды. Бұл циклдің тыңдаушылары облыстың қалалары мен аудандарының амбулаториялық-емханалық мекемелерінің жалпы практика дәрігерлері, терапевтері мен педиатрлары, сондай-ақ орталық және ауданаралық ауруханалар мен психиатриялық ұйымдардың психиатр-нарколог дәрігерлері болып табылады, тыңдаушылардың жалпы саны 75 адамды құрады. Оқыту сабақтарын Алматы қ. Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері жүргізеді.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша бірқатар проблемалар да бар: өзіне өзі қол жұмсауға әрекет жасаған балаларды әлеуметтік оқшаулау, психиатриялық және психологиялық қызметтің көмегіне жүгінуге дайын болмауы, ұсынылған қызметке қарсылық көрсету, баланың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті білім беру ұйымдарына бере отырып, ата-аналардың бейқам тұтынушылық ұстанымы.

Барлық білім беру мекемелерінде "Сенім жәшіктері" жұмыс істейді. Келіп түскен әрбір өтінішті психолог қарайды, ұсыныстар беріледі, көмек көрсетіледі.

Жедел әрекет ету мақсатында білім басқармасы call-орталығын құрды. Осыған орай бүгінгі күні техникалық жұмыстар жүргізілген: телефон нөмірі алынды (40-57-34), байланыс арналары қосылды, операторлардың жұмыс орны жабдықталды, қоңырауларды қабылдау және шақыруларды қайта бағыттау үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылды. Call-орталығының қызметкерлері белгіленді, қызметкерлерді оқыту ұйымдастырылды. Білім басқармасының жауапты қызметкерлері бейіндік бағыттар бойынша ақпараттық материалдарды қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді, жиі қойылатын сұрақтар мен оларға жауаптар әзірленуде. Алдағы уақытта Call-орталық үшін бірыңғай қысқа нөмір алу жоспарлануда.

Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс ШҚО әкімдігінің тұрақты бақылауында.

         

 

"Өзіне-өзі қол жұмсау мінезінің психологиясы" әдістемек құралы

 

Білім беру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлеуметтік желілерде алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар

 

Білім беру мекемелерінде өзіне-өзі қол жұмсауды алдын алу туралы ақпарат

 

Презентация 1 (жүктеу)

Презентация 2 (жуктеу)

Презентация 3 (жүктеу)

Презентация 4 (жүктеу)

Презентация 5 (жүктеу)

 


 



Білім басқармасының басшысымен әр бейсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін азаматтарды қабылдау жүргізіледі

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 377