Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

  2014 жылғы 29-31 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында «Шикула и К» баспасы «Баспаның әдістемелік кешендері бойынша 3-4, 4-5, 5-6 (7) жастағы балалармен оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулары» тақырыбында семинар өткізді. Баспа 2 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға арналған кітаптарды шығарумен айналысады. Негізгі бағыттары: мектепке дейінгі білім беру жүйесі үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқу-әдістемелік әдебиет шығарылымы.

Семинардың мақсаты:

- мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру;

- баспаның әдістемелік кешендері және балалар әдебиетімен таныстыру;

-педагогтардың мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыста баспаның әдістемелік кешендерін қолдана отырып жұмыс жасау іскерліктерін  кеңейту.

Семинарға облыстың мектепке дейінгі ұйым, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мектепке дейінгі ұйымдармен жұмыс атқаратын әдіскерлері, шағын орталықтар мен мектепалды даярлық сыныптарының тәрбиешілері, қазақ, орыс, ағылшын тілі мүғалімдері шақырылды.

Семинар үш күн көлемінде өтті. Семинардың бірінші күнінде «Қарлығаш», «Жемчужинка» облыстық мектепке дейінгі мекемелердің және ШҚО ББ дарынды балаларға арналған Валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің ұжымдарына «Шикула и К» баспасы филиалының директоры М.М.Тенебаева және жетекші кеңесші Н.А. Жабықбаева баспаның өнімдерімен, оның ішінде әдістемелік әдебиет, «Үш тілдің патшалығы» үш тілділік бойынша әдістемелік кешен, балаларға арналған хрестоматиялар, 3-4,4-5,5-6 (7) жастағы балалармен оқу - тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстары және т.б.толығымен таныстырды. Екінші  күні семинар Өскемен қаласына жақын орналасқан аудандар мен қалаларға қызмет көрсету саласындағы Өскемен колледжінің базасында, ал үшінші күні Семей қаласына жақын орналасқан аудандар мен қалаларға Семей қаласының №16 орта мектебінің базасында өтті.

Үш күнде семинарға 400-ден аса педагогтар қатысты.

Сонымен қатар баспаның алдағы жоспардағы шығаратын өнім түрлері атап өтілді.

Педагогтар баспа өнімдерін үлкен қызығушылықпен қабылдады, ұйымдастырушылар алдында толғандырып жүрген мәселелерін көтерді, атап өтетін болсақ, кіші жастағы балаларды орыс тіліне оқыту, 2-3 жастағы және мектепалды даярлық жастағы балалармен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жүргізудің әдістемелік нұсқауларын шығару туралы сұрақтар қойылды.

 

38-1  38-2 38-3  38-4  38-5 38-6 38-7

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364