Рус 
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 700-800
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Ақпан 2020
ДүСеСәБеЖұСенЖе
     
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
 

2020 жылдың 11-14 ақпаны аралығында жас зерттеушілерден құралған Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына қатысты.

Жыл сайынғы конкурс осы жылы 22-рет өткізіліп отыр. Конкурс еліміздің барлық өңірлерінен келген 750-ден астам оқушыны (590 ғылыми жоба) қамтыды.

Конкурстың ашылу салтанаты Алматы қаласының Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өткізіліп,  Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директоры Ақжол Аманжолұлы Боранбай конкурс қатысушыларына жылы лебізін білдірді. Ақжол Аманжолұлы өзінің құттықтау сөзінде балаларға ғылыми қызметте табыс, қол жеткізген нәтижелерімен тоқтап қалмай,
өз таланттарына әрқашан сенулеріне тілек білдірді.

Ғылыми жобаларды қорғау әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универтитетінде өтті. Ғылыми жобаларды қорғаудың ашықтығын  қамтамасыз ету мақсатында барлық секцияларда тікелей-трансляциялар жүргізілді. Конкурсқа ШҚО командасы 27 жоба ұсынды.

Конкурстың қорытындысы бойынша, облыстың жетістіктер қоржыны 3 алтын, 7 күміс, 9 қола медальмен толықты.

Сонымен қатар, ерекше жетістіктер көрсеткені үшін «Дарын» РҒПО грамотасымен 12 жас зерттеуші марапатталды.

«Математика» секциясында жоғары нәтиже көрсеткендері үшін Өскемен қаласы, облыстық математика, физика, информатика саласындағы ДБА ММЛ 11 сынып оқушылары Сидоров Даниил мен Пятков Никита Алматы қаласы Қазақстан-Британ техникалық университетінің білім грантына ие болды. Республикалық конкурсты өткізу аясында қызыққа толы мәдени-танымдық бағдарлама дайындалды. Балалар еліміздің мәдени астанасы Алматы қаласының басты көрнекі жерлеріне саяхат жасады.

 

Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін, ата-аналарын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

Болашақта жеңістер мен табыс тілейміз!


Білім басқармасының басшысымен әр бейсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін азаматтарды қабылдау жүргізіледі

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 369