Рус 
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 700-800
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Ақпан 2020
ДүСеСәБеЖұСенЖе
     
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
 

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы «Өскемен қаласының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетімен бірлесіп 2020 жылдың 13 ақпанында Өскемен қаласы әкімдігінің «М. Әуезов атындағы №17 орта мектебі» КММ базасында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында заманауи мектептің оқу-тәрбие үрдісіне өлкетану компонентін енгізу» атты облыстық аймақтық семинар-практикум өткізді.

Семинар-практикумның мақсаты: «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру, қазіргі мектептің оқу-тәрбие үдерісіне өлкетану компонентін енгізу бойынша педагогтардың жұмыс тәжірибесін жинақтау.

Семинардың жұмысына 32 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және кітапханашылар қатысты.

Пленарлық отырыс барысында №17 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Ф. Абдрахманова «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің міндеттерін шешу аясында мектеп оқушыларының өлкетану білімі бойынша жұмыс жүйесін көрсетті; Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК бұқаралық жұмыс секторының меңгерушісі Б. С. Сабырбаева «Өлкетану жұмысы патриоттық тәрбие үлгісі ретінде» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар-практикумның практикалық бөлімінде №17 орта мектептің педагогтары «Пән бойынша сыныптан тыс жұмыста әдеби өлкетану», «Жас инспектор жасағы» бөлімшесінің қызметін ұйымдастырудағы тәжірибеден», «Өлкетанулық білім беруді іске асырудағы кітапхананың рөлі», «Өзін-өзі тану сабақтарында өлкетану арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу», «Бастауыш сынып оқушыларының сыныпта және сыныптан тыс жұмыстарында Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуде өлкетанудың рөлі»,  «Мектеп сайты өлкетанулық білім беруді іске асыру құралы ретінде»   «Өлкетану бойынша мұғалімдердің іздеу қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесінен» атты шеберлік-сыныптарын өткізді және «Көңілді старттар» өлкетану компонентімен спорт мерекесін және «Туған өлкенің білгірлері» атты өлкетану квестін көрсетті, оның барысында мектеп өлкетануы арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында мектеп оқушылары «Ауған соғысы ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен бірлесіп «Ауған әндері фестивалі» атты концерт өткізді.

Семинар-практикумның қорытындысы бойынша қатысушыларға өлкетану компонентін қолдану арқылы оқыту және тәрбиелеу моделін әзірлеу мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.


Білім басқармасының басшысымен әр бейсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін азаматтарды қабылдау жүргізіледі

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 369