Рус 
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 700-800
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

2019 жылдың 25-27 қыркүйек аралығында Таулы Үлбі кентінде орналасқан «Дарын» орталығының базасында «Қауіпсіздік мектебі – 2019» облыстық жарыстары өткізілді.

Мақсаты: Өскелең ұрпақпен жұмыс жасаудың жаңа нысандары мен әдстерін енгізу. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі мәселелеріне, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларына үйрету, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелелеріне үйрету.

Жарысқа Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандарынан 15-17 жас аралығындағы 133 оқушы қатысты.

 Іс-шараның бағдарламасы келесі сайыстардан тұрды: «Визит карточкасы», «Өрт эстафетасы», «Кедергілер жолағы», «Алғашқы медициналық көмек көрсету» және Спортландия «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін».

Қазылар алқасының жұмыс нәтижелері бойынша «Визитка» номинациясында Глубокое ауданының № 1 Белоусовка орта мектебінің командасы үздік деп атанды; «Кедергілер жолағынан» өту кезінде Жарма ауданының Н. Крупская орта мектеп оқушылары ең жылдам болды; Жарма ауданындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенді командасы «Спортландия» кезеңінде өздерің көрсете біліп, ең спорттық команда болып шықты; «Өрт сөндіру эстафетасында» Зайсан ауданының құрама командасы үздік атанды; Семей қаласы "Жас құтқарушы" клубының балалары алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі сауатты іс-әрекеттер мен дұрыс шешімдерді бәрінен үздік көрсетті.

Көкпекті орта мектебінің оқушылары жалпыкомандалық есепте көш бастады, күміс Аягөз ауданының құрама командасына бұйырды, «Қауіпсіздік мектебі – 2019» облыстық жарыстарының Үржар ауданы І. Жансүгіров атындағы орта мектептін командасы  абсолюттік чемпионі деп атанды. 

Салтанатты жабылуында жүлделі орындарға ие болған командалар дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бұл іс-шара балаларға ұмытылмас естеліктер мен жарқын эмоциялар сыйлады деп үміттенеміз! Барлық балаларға шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз!


Білім басқармасының басшысымен әр бейсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін азаматтарды қабылдау жүргізіледі

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 366