Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

          Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2019 жылғы 9 қыркүйек күні С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 5 оқу ғимаратында «Құрмет» орденінің иегері, БҒМБҰҰ мүшесі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Педагогикалық Ғылымдар Академиясының құрметті академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның құрметіне «Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы және педагог мәртебесі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

          Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты - жаңашыл ұстаз Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тұлғасы мен тіл біліміне байланысты ғылыми еңбектерін саралай отырып, соның негізінде тіл білімі мәселелерін талқылау. Мемлекеттік тілдің мәртебесін жоғарылату, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру.

          Конференцияға 400-ге жуық адам қатысты. Олар: Қазақстан Республикасындағы оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары жалпы білім беретін орта мектептерінің жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдері, әдіскерлер, мектеп директорлары, директордың инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары мен және облысымыздағы Қанипа Бітібаева атындағы зертхана жетекшілері.

          Пленарлық отырыста Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары  Оспанғалиев Қажымұқан Әлімханұлы және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, профессор  Төлеген Мұхтар Әділбекұлы құттықтау сөз сөйледі.  Отырыс барысында негізгі баяндаманы ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оразбаева Фаузия Шамсиевна жасады. Сонымен қатар Хан апамыздың шәкірттері С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті филология ғылымдарының докторы, профессор, Картаева Айжан Маратбекқызы және Нұр-Сұлтан қаласындағы №72 мектеп-лицейіндегі Қ. Бітібаева зертханасының жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, филология ғылымдары магистрі Адилбекова Жанар Советхановна сөз сөйледі.

          Конференцияның екінші бөлімінде 5 секциялық отырыс жұмыс жасады. Отырыста 96 баяндама оқылып, қатысушы педагогтер тәжірибе алмасты. Секциялық отырыстың қорытындысы:

          1. Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тағылымы және жаңартылған білім беру мазмұнында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері

          І орын – Досымханова Зухра Кайрбековна (Бесқарағай ауданы «Семеновка  орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІ орын – Исаева Светлана Нургазыевна (Алматы облысы, Талдықорған қаласы №28 ІТ –мектеп-лицей» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІ орын – Борбасова Айнұр, Молдағалиқызы (Аягөз ауданы «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ, Қ.Бітібаева атындағы зертхана жетекшісі);

          ІІІ орын- Тогтох Серикгуль (Павлодар облысы «Қ. Ыдырысов атындағы орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІІ орын – Есенгельдина Меруерт Есенгельдиновна (Аягөз қаласы «№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІІ орын – Шамсутдинова Альфиса Хакимуловна (Бесқарағай ауданы «Н. Баймұратов атындағы орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі).

          2. Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы арқылы қоғамдық гуманитарлық бағыттағы ғылымдарды оқыту және педагог мәртебесі

          І орын – Ықыласова Асель Женисовна (Бородулиха ауданы «М. Әуезов атындағы орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІ орын – Адилбекова Жанар Советхановна (Нұр-Сұлтан қ. «№72 мектеп-лицейі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІ орын – Белгібаева Әсел Байбөріқызы (Глубокое ауданы «О. Бөкей атындағы мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІІ  орын – Калибаева Сая Уалхановна (Бородулиха ауданы «Ә. Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІІ орын – Шотпаева Алтынгүл Бахреденовна (Нұр-Сұлтан қ. «№64 мектеп-лицейі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІІ орын – Асанқызы Сауле (Түркістан облысы «Теректі жалпы орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі).

          3. Қанипа Бітібаева мұрасы: рухани құндылықтар мен ұлттық сананы жаңғырту - Рухани жаңғырудың жарқын жолы

          І орын – Камзина Ләззат Сагиндыковна (Күршім ауданы, білім бөлімінің әдіскері);

          ІІ орын – Назарбекова Жадыра Келгенбайқызы (Зайсан ауданы «Жарсу орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІ орын – Скакова Зульфира Сатыбалдиновна (Өскемен қаласы «№9 орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІІ орын – Касымжанова Зульфия Зарыкбайқызы (Қарағанды қаласы  «№54 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІІ орын – Ниязбекова Динара Аменгельдиновна (Көкпекті ауданы «Преображенка орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІІ орын – Төлеуқоңырова Жадыра Құнанбайқызы (Семей қаласы «№15 орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі).

          4. Жаратылыстану ғылымдары және қазіргі ғылыми-техникалық прогресс

          І орын – Пазылова Бану Куттыбаевна (Қызылорда облысы «№158 орта мектеп» КММ, биология пәні мұғалімі);

          ІІ орын – Омаргазина Роза Мұхтарқызы (Үржар ауданы «Сейфуллин атындағы орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІ орын -  Ахметкалиева Маншук Ахатовна  (Зайсан ауданы «Мукарама атындағы орта мектебі»  КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІІ орын - Толеубаева Гаухар Толеубайқызы (Семей қаласы «№37 гимназиясы» КММ, биология пәні мұғалімі);

          ІІІ орын – Оразгалиева Сауле Манарбековна (Ұлан ауданы «Ғ. Салықов атындағы негізгі мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІІ орын – Магзиева Нургуль Задахановна (Өскемен қаласы «№10 мектеп-гимназия» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі).

          5. Қанипа Бітібаеваның ұстаздық тағылымы және жаңартылған білім беру мазмұнында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері

          І орын – Нұрсейтова Акерке Тулеутаевна (Күршім ауданы «№3 гимназиясы» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІ орын -  Ибатаева Индира Айтахметовна (Өскемен қаласы «Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІ орын – Имангалиева Меруерт Сайлауовна (Жарма ауданы «Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназия» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІІ орын - Интыкбаева Бакыт Турсынхановна (Өскемен қаласы «№46 орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІІ орын -  Калмакбаева Гульназ Ернатовна (Жарма ауданы «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі);

          ІІІ орын – Енсеханова Сандугаш Бейбитовна (Тарбағатай ауданы «Қ. Сәтпаев атындағы орта мектеп» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі).

          Конференция аясында «Дәуірдің дара ұстазы» атты бейнефильм көрсетілді. Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернаты базасында Қ. Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы негізінде көрсетілім сабақтары ұсынылды және Қ. Бітібаеваның облыстық оқу-әдістемелік мұражайы мен республикалық ғылыми-әдістемелік зертханасына саяхат жасалды.

          Үздік баяндамашылар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы атынан  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, қатысушыларға сертификат табысталды. 


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364