Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында 2019 жылдың 26-29 тамыз күндері Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XX  мерейтойлық республикалық Абай оқулары өтті.

Шараны ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі,Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы.

Абай оқуларына қатысушылар алты бөлім бойынша сайысқа түсті:

- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»- Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқу конкурсы;

- «Абайдың қара сөздері» - Абайдың қара сөздерін оқу конкурсы;

- «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын оқу конкурсы;

- «Көңілім әнді ұғады»- Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау конкурсы;

-«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»- жас дарындар конкурсы (өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, күйлер);

-«Ұлылар әлемі» - Абай, Шәкәрім шығармашылығынан эссе жазу конкурсы.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 131 оқушы, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысының Семей және Риддер қалалары, Абай, Аягөз, Зайсан, Жарма аудандарының жалпы білім беретін мектептерінен 24 оқушы қатысты.

Белгілі журналистер, ғалымдар, көрнекті өнер қайраткерлері мен ақындардан құралған қазылар алқасы ерекше дарынды балаларды анықтады.

Конкурстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстанның 15 оқушысы (І орын-4, ІІ орын-3, ІІІ орын-8) жүлделі орындарды иеленіп, 3 оқушы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының грамотасымен марапатталды. Абай оқуларының 20 жылдық мерейтойына орай, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, К. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті жеңімпаздарға 4 грант бөлді. Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті ректорының гранты Семей қаласы №27 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Қыдырмолдина Дэльяраға табыс етілді.

Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар, сонымен қатар құрметті қонақ ҚР білім беру үздігі, Ұлттық білім академиясының корреспондент мүшесі, республикалық Абай оқуларының негізін салушы Т.Р. Битуованың, ШҚО білім басқармасының басшысы С.А. Жумадилова мен Абай ауданы әкімі Ж.Б. Байсабыровтың арнайы сыйлықтары берілді. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Республикалық Абай оқуларының қатысушыларына қызықты мәдени-танымдық бағдарлама әзірленді: оқушылар Абай және Әуезов мұражайларын, «Еңлік-Кебек» ескерткіштерін тамашалап, Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, театрландырылған көріністің куәгері болды. 

 

Біздің жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз және барлық  қатысушыларға жаңа табыстар тілейміз!

 

XХ республикалық Абай оқуларының

Шығыс Қазақстан облысы бойынша жеңімпаздарынын тізімі

Оқушының

аты-жөні

Мектебі

Сыныбы

Номинациясы

Орны

1

Қыдырмолдина Дэльяра

№27 орта мектеп

11

 

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы

1

2

Кәріпбаева Бағжан

Шәкәрім орта мектебі

11

 

Абайдың қара сөздері

1

3

Нұртасұлы Заңғар

Көкбай орта мектебі

8

 

Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары

1

4

Амангелдин Аңсар

Ұлылар әлемі

10

Абай атындағы мектеп-лицей

1

5

Тоқтарбеков

Бекзат

Қарауыл гимназиясы

10

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

2

6

Қабышева Карина

Шәкәрім орта мектебі

9

 

Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары

2

7

Серікқалиева  Шуақ

М.Әуезов орта мектебі

10

Абайдың қара сөздері

2

8

Түсүпқанова Гүлназ

Ақтайлақ би атындағы орта мектеп

9

 

Абайдың қара сөздері

3

9

Дүйсенғазина Тоғжан

Тарбағатай орта мектебі

10

 

Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары

3

10

АққазиноваНазерке

Көпсалалы мектеп-гимназия

10

 

Ұлылар әлемі

3

11

Қалыбекова Айсана

Шәкәрім орта мектебі

9

 

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы

3

12

Серікханова Зарина

М.Әуезов орта мектебі

10

Ұлылар әлемі

3

13

Серікқызы Аққу

Абай атындағы мектеп-лицей

9

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

3

14

Бахтияр Ақгүл

Абай атындағы мектеп-лицей

8

Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары

3

15

Қабдиева Баян

Абай атындағы мектеп-лицей

8

Көңілім әнді ұғады

3

 


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364