Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Шілде 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
    

«Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ 2019 жылғы 12 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Турин процесі есебінің ұлттық шеңберін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында ТжКБ жүйесін дамытудың өзекті мәселелері, ҚР БҒМ ТжКБ департаменті, ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаменті, ҚР ЕХӘҚМ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» ҰУ, ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Г. Нұр-Сұлтан ӨКП, «Білім беруді жаңғырту орталығы»  КММ,         Нұр-Сұлтан, білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы, ЗТБ және ЖК «Астаналық бас аспаздар ассоциациясы»,  «KAZENERGY» Қауымдастығы, «ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім басқармалары, Нұр-Сұлтан қ. колледждерінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасарлары және әлеуметтік педагогтарының қатысуымен қарастырылып,шешу жолдары талқыланды.

Турин процесі мүдделі тұлғалар мен ұйымдардың қатысуымен ұлттық, халықаралық деңгейде ТжКБ жүйесін дамыту шеңберінде диалогтың талдамалық тетігі мен платформасына айналуда.

ҚР БҒМ ТжКББД серіктестік және халықаралық жобалар басқармасының басшысы Р. Р. Ширгатова Турин процесі мүдделі тұлғалар мен ұйымдардың қатысуымен ұлттық, халықаралық деңгейде ТжКБ жүйесін дамыту шеңберінде диалогтың талдамалық механизмі мен платформасына айналатынын атап өтті. Сондай-ақ, ұлттық есептілік шеңберінің жобасы дөңгелек үстелге қатысушылардың ұсыныстарын, түзетулерін ескере отырып пысықталатын болады.

Барлық қатысушыларға ТжКБ жүйесінің саясатына мынадай блоктар бойынша талдау жасалды: экономикалық жағдай және еңбек нарығының жағдайы; әлеуметтік орта және ТжКБ-ға жеке сұраныс; ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі және жұмысы; ТжКБ-ны басқару және қаржыландыру. Дөңгелек үстел жұмысы барысында қатысушылардың әр тобы презентацияның әрбір блогы бойынша ұсыныстар жасады.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты экономиканың түрлі салалары мен ұйымдар арасындағы салааралық байланыстарды нығайту болды.


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 360