Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Шілде 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
    

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК-мен бірлесіп, 2019 жылдың 14 маусымында Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқу-дала лагерінде (Ұлан ауданы, Төлеген Тоқтаров ауылы) «Отан қорғаушылар» алғашқы әскери дайындық курсын бітірген білім алушылармен оқу-дала жиындарын өткізу» тақырыбында колледждердің алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушылары үшін облыстық семинар-практикумын өткізді.

Семинарға облыстың 15 колледжінен алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы-оқытушылары қатысты.

Семинар-практикумды өткізудің мақсаты: алғашқы әскери дайындық пәні  бойынша оқу-дала жиындарын өткізу әдістемесін жетілдіру, оқу-дала жиындарын ұйымдастыру және өткізу мәселелерінде теориялық және практикалық көмек көрсету болып табылады.

Семинар-практикумды өткізудің міндеттері: отаншылдық пен азаматтылық сезімін тәрбиелеу, Отан мүддесіне қызмет ету қабілеті мен дайындығын қалыптастыру, кәсіптік шеберлікті арттыру, колледждердің білім алушыларымен оқу-дала жиындарын ұйымдастыру және өткізу кезінде алғашқы әскери дайындық оқытушыларының жұмысын жүйелеу, білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету, тәжірибе алмасу болып табылады.

Семинардың құрметті қонақтары ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі Департамент қызметкері, майор Қуаныш Мусапиров және «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің  облыстық әдістемелік бірлестігінің төрағасы Ерлан Конырбаев болды.

Семинар-практикум аясында Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің ұйымдастырушы-оқытушысы Оналбаев Азамат Төлегенұлы оқу-тәжірибелік сабақтар мен дөңгелек үстел өткізді. Семинар барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, әдістемелік нұсқаулар таратылды. Әскери-далалық жиынға қатысатын колледж студенттері атудан практикалық дағдыларды көрсетті және т.б.

Келешекте колледж студенттерінің әскери-далалық жиынын жыл сайын өткізу дәстүрлі болып, 2020 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Свинчатка ауылының жанындағы лагерьде өткізілмек.


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 360