Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Маусым 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
     
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Біздің облыстың зияткерлік, спорттық және шығармашылық шараларда жеңіп алған марапаттардың саны жылдан жылға көбеюде. 2018-2019 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары ең беделді халықаралық және республикалық пәндік олимпиадаларда 43 алтын, 50 күміс, 55 қола медальдарға ие болды.

Оқу жылының соңында дәстүрлі түрде облыс әкімі Д. Ахметовтың дарынды балалармен дөңгелек үстел басында ашық диалог форматында кездесуі ұйымдастырылады.

2019 жылдың 5 маусымында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техикалық университетінің колонды залында облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының Қазақстанда, сонымен қатар Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ, Нидерландтар, Бразилия, Индонезия, Австралия, Ресей және Беларусь мемлекеттерінде өткен республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадалардың, ғылыми конкурстарың, спорттық жарыстардың және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесу өтті.

Жоғары оқу орындарының ректорлары мен ғалымдары, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындаған шығармашылық еңбек атқаратын мұғалімдер кездесудің құрметті қонақтары болды.

Кездесу ашық қарым-қатынас және пікір алмасу форматында өтті. Кездесудің модераторлары оқушылардың өздері болды. Диалог барысына жас таланттар облыс басшысымен әр түрлі өзекті тақырыптар туралы әңгімелесті. Балаларға туған өлкені зерттеу бойынша археологиялық мектептердің жалғасы және туған өлкені зерттеуге арналған жобалар, біздің аймағымыздағы тапшы мамандықтарға, оқуға гранттардың бөлінуі,  ІТ-технологияларды дамыту, өңір кәсіпорындарының қатысуымен стартап-жобалар конкурстарын өткізу аса қызықты болды.

«Бәсекеге қабілетті ұлт болу үшін бізге зияткерлік қоғам қажет. Ал онда ең бастысы - балалар. Әлемдегі алдыңғы қатарлы технологиялар туралы ашық пікірлерімен бөліскен балалар болса, Қазақстанның болашағы бар. Біздің еліміз білім беру саласын жетілдіру үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды. Осыған байланысты, біз Семей мен Өскемен қалаларында білім және технология трансферті орталықтарын құрудамыз, онда барлық пәндік кабинеттер әлемдік талаптарға сай болады», – деп, атап өтті облыс әкімі.

 Мектеп оқушылары мен шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды салтанатты марапаттау кезінде, алтын медаль иегерлері – 14 бала, облыс әкімінің грамотасымен және ноутбуктармен марапатталды. Олимпиада, ғылыми жарыстар мен шығармашылық байқаулардың жүлдегерлеріне грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік оқушы – 2019» номинациясымен информатика пәнінен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының мүшесі, жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының 3 дүркін жеңімпазы, Өскемен қаласының «Білім –Инновация» облыстық мамандандырылған лицейінің оқушысы – Байболов Темірлан марапатталды.

«Жыл серпіні – 2019» номинациясы бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпазы, Өскемен қаласының № 12 орта мектебінің оқушысы – Хонкулов Алишер марапатталды.

Дарынды жастарды дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімінің алғыс хаттарымен және ақшалай сертификаттармен халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған үздік тәлімгерлер марапатталды.

Кездесу барысында дарынды балалардың жетістіктерінің интерактивті көрмесі өткізілді. Алаңда басқатырғыштарды құрастыру бойынша мастер-класстар, химия, техника, робототехника, бағдарламалау, ғылым және білім саласындағы ғылыми тәжірибелер мен ғылыми жобалар көрсетілді.

 Іс-шара Таулы Үлбі өзенінің жағысында орналасқан «Дарын» орталық базасында жалғасты. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілі Елекенова Ляйла Заманқызы және өткен жылдардағы дарынды түлектер Нұрланов Шыңғыс, Мутанов Бекжан және Еркинова Мадина қатысуымен ТЕDх форматында «Әлемді өзгертетін идеялар» атты конференция өтті. Бүгінгі таңда олардың әрқайсысы табысқа жетіп, өзін бәсекеге қабілетті және жоғары кәсіби тұлға ретінде көрсете білді.

Жайлы және шынайы әңгіме кезінде қонақтар олимпиадалар мен конкурстардағы өздерінің тәжірибелерімен бөлісті, естерінде қалған қызықты оқиғалар туралы айтып өтіп, балаларға болашақта пайдалы болатын ақыл-кеңестер берді.

Кеш Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарламамен, би кешімен, фейерверкпен және «тәтті үстелмен» аяқталды. Барлығы оң нотада аяқталды. Өз әсерлерімен бөлісе отырып, балалар педагогтарға құрмет көрсетіп, мереке үшін және білім алу мен кәсіби даму үшін жасалған жағдайлар үшін өңір әкімшілігіне алғыстарын білдірді. 

 

Оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!

Барлық балаларға жаңа жеңістер тілейміз! Сіздің болашағыңыз-сіздің қолыңызда!


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 359