Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

2019 жылдың 4-6 маусымы аралығында «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығында республикалық «Балдәурен білгірі – 2019» зерттеу жұмыстары мен қоғамдық жобалар конкурсы өтті.

Конкурстың басты мақсаттары мен міндеттері – оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту, талантты, дарынды оқушыларды анықтау және оқушылардың үздік зерттеу жұмыстарын тарату. 

Конкурс еліміздің барлық аймақтарынан 100-ден астам баланы, 2-8 сынып оқушыларын жинады. Шығыс Қазақстан облысының намысын республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары қорғады.

Конкурс екі жас топтарында  «Тілдердің үштұғырлығы», «Көркем әдебиет», «Сандық ресурстар», «Ғаламшар ғажайыптары», «Адам денсаулығы»,Туған жерге тағзым», «Жаратылыстану ғылымдары», «Ақпараттық технологиялар», «Ұлы даланың жеті қыры»,«Әлеуметтік жобалар»  бағыттары бойынша өткізілді.

Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанып, алтын медаль және «Балдәурен» РОСО-на жолдамамен марапатталғандар:

-  Мухамедьярова Мелиша – облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы;

-  Уалихан Аружан – Өскемен қаласы, З. Ахметов ат. №16 орта мектептің 6 сынып оқушысы;

-  Талғатова Арина – Өскемен қаласы, Ш. Уәлиханов ат. №3 мектеп-лицейдің 4 сынып оқушысы.

ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен марапатталғандар:

- Русланұлы Ильяс – Өскемен қаласы, №22 орта мектептің 2 сынып оқушысы;

- Вяткина Ксения – Өскемен қаласы, №10 мектеп-гимназияның 7 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медлаьмен марапатталғандар:

- Орынбасар Мағзұм – Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл ат. облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 7 сынып оқушысы;

- Елмарқызы Елназ – Өскемен қаласы, Ахмер орта мектебінің 6 сынып оқушысы.

Құрмет грамотасымен республикалық конкурстың жеңіспаздары мен жүлдегерлерінің жетекші ұстаздары марапатталды. 

Қатысушылар үшін танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. Оның аясында танысу кештері, орталық бойынша саяхат, спорттық шаралар, педагогикалық құрамның концерті және би кештері өткізілді.

 

Жеңімпаздарды, жүлдегерлерді, олардың ұстаздары мен ата-аналарын құттықтаймыз!

Табыс пен жоғарғы жетістіктер тілейміз!


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364