Рус 
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 700-800
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Қазан 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
   

2019 жылдың 3 мамырында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасы Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы, «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесе өткізді.

Шараның негізгі мақсаты дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету, оқушыларды өлкетану біліміне тарту, туған жердің мәдени-тарихи мұраларын оқып-үйренуді ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру болып табылады.

Бұл шараға облыстың барлық өңірінен 260 оқушы қатысты.

Олимпиада келесі номинациялар бойынша өтті:

- кешенді олимпиада – тест түрінде өтті. Тест тапсырмалары «Қазақстан тарихы», «География», «Әдебиет» пәндерін қамтыды;

- «Тарих білгірлері» викторинасы;

- «Ұлы даланың жеті қыры: археологиялық нысандар мен артефактілер» квесті – Шығыс Қазақстанның аумағында орналасқан археологиялық нысандар мен артефактілерді қоса алғанда, өңірлік компонентті білуге арналған командылық ойын-жарыс.

Әрбір олимпиаданың өтуі кезінде қатысушылар жоғары білімді, сондай-ақ керемет командалық рухты көрсетті.

Биылғы жылы алғаш рет номинациялар бойынша абсолютті жеңімпаз анықталып, 2019-2020 оқу жылына «Тарих» мамандығына С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ректорының грантымен марапатталды. Грант иегері Зайсан ауданының Х.Мустафина атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Жеңісбекова Жансая атанды.

«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» олимпиадасының қорытындысы бойынша 103 оқушы марапатталды (1 орын – 24, 2 орын – 28, 3 орын – 51 оқушы).

 

Жеңімпаздар мен Жүлдегерлерді және олардың ұстаздарымен ата-аналарын жеңістерімен құттықтаймыз! Алда жеңістер мен сәттіліктер тілейміз!


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 366