Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Мамыр 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
  
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
  

2019 жылдың 14 наурызында ШҚО ББ «ШҚО арнайы мектеп-интернаты» КММ базасында түзету мекемелерінің мұғалімдері, түзету кабинеттері мен сыныптары үшін «Мектеп-интернат жағдайында зияткерлігінде бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының ерекшеліктері» атты аймақтық семинар өткізілді.

Семинар түзету мектептерінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және енгізу мақсатында өткізілді.

Семинарға түзету мектептерінің, түзету кабинеттері мен сыныптарының 27-ден астам оқытушылары қатысты.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде мектеп-интернат жағдайында зияткерлігінде бұзылыстары бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарының ерекшеліктері бойынша жоғары шығармашылық белсенділік пен кәсіби шеберлік көрсеткен оқытушылары Г.К. Қалиева, Д.С. Әубәкірова, А.К. Нұрханова, М.Б. Әуелбекова, Б. Іргебай, Н.М. Петрякова, Г.Р. Қырықпаева, Л.К. Ислямбековалар жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісті.

Оқу-әдістемелік шараның қатысушыларына балаларды оқыту және тәрбиелеу бойынша әртүрлі даму деңгейіндегі балаларды қоғамға сәтті әлеуметтендіру және біріктіру аясында тәжірибеде қолданылатын формалар, әдістер мен технологиялар жүйесін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 359