Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Наурыз 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
    
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ 2019 жылғы 11 ақпанда Астана қаласының № 76 орта мектебінде TIMSS-2019 негізгі халықаралық зерттеу тестілеуін өткізетін тұлғаларға, зерттеуге қатысатын мектептердің өкілдеріне, облыстық үйлестірушілерге арналған республикалық оқыту семинарын өткізді. Семинар жұмысына Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы мен аймақтық 11 мектептің өкілдері қатысты. Аталған іс-шарада қатысушылар зерттеу жүргізудің тәртібімен, құрылымымен, үйлестірушілер мен тест жүргізетін тұлғаларға арналған нұсқаулықтармен танысты.

Семинардың пленарлық бөлімінде «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ президентінің орынбасары М. Аманғазы мен халықаралық салғастырмалы зерттеулер департаментінің (ХСЗД) директоры Е. Сабырұлы қатысушыларға қарата сөз сөйледі. Сонымен қатар, Алматы қаласы (Р.Т. Кусаинова) және ШҚО (Б.Ж. Козыбаева) білім басқармаларының өкілдері TIMSS-2019 халықаралық зерттеуіне дайындық бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Семинар шеңберінде қазақ және орыс тілдерінде секция өткізілді. Секцияны ХСЗД директорының орынбасары А.Байгулова мен ХСЗД бас сарапшысы Б.Картпаев жүргізді. Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар TIMSS-2019 халықаралық зерттеуін өткізу тәртібімен және инструментарийімен танысты. Семинар аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар табысталды.


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 353