Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Желтоқсан 2018
ДүСеСәБеЖұСенЖе
     
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
      

ШҚО ББ «Шығыс» ӨО «Рухани  жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы негізінде «Ұстаз-өзгерістер елшісі» республикалық жобасының «Ұстазым мақтанышым» кіші жобасын іске асыру аясында 2018 жыл 5 қарашада жалпы білім беретін және шағын жинақталған мектеп басышаларының шығармашылық қызметінің дамуына бағытталған «Табысты менеджер - 2018» облыстық байқауын өткізді.

Бауқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері – шығармашыл басшыларды анықтау, білім беру ұйымдарын басқарудағы озық  іс-тәжірибелерді тарату, басқару қызметіндегі инновациялық әдіс-тәсілдерді ынталандыру, облыстағы білім беру ұйымдарының басқару қабілетін арттыру, басшылардың жағымды әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру.

Байқау 3 тапсырмадан тұрды: «Мен - директор» интерактивті таныстырылым, «Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі» жобасын қорғау және басқарудағы жағдаяттарды шешу.

Байқауға екінші облыстық іріктеу кезеңіндегі 8 жеңімпаз директор қатысты.

Байқау комиссиялары  ШҚО жалпы білім беретін және шағын жинақталған мектеп басшыларының арасынан байқаудың қорытындысы бойынша екі бағытта жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. 

Облыстағы жалпы білім беретін мектеп басшыларының арасындағы байқаудың қорытындысы

І орын - Абылкасимов Кайрбек Ануарбекович, Семей қаласы, «№39 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директоры.

ІІ орын - Шакерова Гульнар Сабырқызы, Күршім ауданы, «№3 Күршім гимназиясы» КММ директоры.

ІІІ орын - Тлеуханов Роллан Рымханұлы, Абай ауданы, «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ директоры.

НОМИНАЦИЯЛАРМЕН МАРАПАТТАЛҒАНДАР:

1) «Табысқа жету жолында» - Ауганбаева Гульфарида Базарбаевна, Өскемен қаласы, «№46 орта мектеп» КММ директоры.

2) «Шеберлік үлгісі» - Турабаева Риза Юрьевна, Зайсан ауданы, «Сарытерек орта мектебі» КММ директоры.

3) «Шеберлік және жұмысқа адалдық» - Садыкова Найля Мерекеновна, Жарма ауданы, «Маяковский атындағы орта мектеп» КММ директоры.  

Облыстың шағын жинақталған мектеп басшыларының арасындағы байқаудың қорытындысы

ІІ орын - Сасбаева Кундыз Рысбековна, Зайсан ауданы «Тасбастау шағын жинақталған негізгі орта мектеп» КММ директоры.

ІІІ орын - Курчембаева Калия Сейткумаровна, Катонқарағай ауданы «Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі» КММ директоры. 

Жеңімпаздар диплом және ақшалай сертификаттармен: І орын - 120000 теңге, ІІ орын - 70000 теңге, ІІІ орын - 50000 теңге марапатталды.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 347