Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Қараша 2018
ДүСеСәБеЖұСенЖе
   
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
  

2018 жылдың 17 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы8-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізеді.

Шараның өткізілу мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру; ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету; облысымыздың интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Бұл байқау нағыз, құнды ғылыми жобаларды ашуға қабілетті, өзінің зияткерлік және мәдени деңгейін жетілдіруге қызығушылық танытатын жас ғалымдарды біріктіреді.

Конкурс 16 бағыт: физика, техника, Жер және Ғарыш туралы ғылымдар, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау, тарих, құқықтану, өлкетану, әдебиет, этномәдинеттану және тіл білімі бойынша өткізіледі.

Республикалық конкурстың облыстық кезеңінің қазылар алқасының құрамына аймақтың үздік ғалымдары енді.

Осыған орай, Өскемен қ., Өтепов к-сі, 22/1 мекенжайында («Нұр Орда» мектеп-лицейі) сағ. 09.00-де басталатын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне БАҚ өкілдерін шақырамыз.

 

Баспасөз-хатшы:Абсалямова Айгерим Кайратовна, тел.: 8 /7232/ 55-20-12, 8 705 280 64 50.

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 346