Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Желтоқсан 2018
ДүСеСәБеЖұСенЖе
     
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
      

Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2018 жылғы 4 сәуір және 1 қазан уақыт аралығында мұғалімдер күнін мерекелеу шеңберінде облыс мектептерінің оқушылары арасында «Ұстазым, менің ұстазым» атты облыстық бейнероликтер конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты – мұғалім мамандығын дәріптеу; білім алушылардың ақпараттық-графикалық мәдениетін арттыру; тұлғаның жасампаздық қабілетін дамыту; компьютерлік технология көмегімен жастардың зияткерлік, шығармашылық және эстетикалық әлеуетін дамыту; ақпараттық кеңістікті кеңейту, білім беру процесінде ақпараттық технологияны кең қолдану.

Ұйымдастыру комитетінің қарауына 34 конкурстық өтінім жіберілді. Бейнероликтер келесі критерийлер бойынша бағаланды: мазмұны, креативтілігі, қатысушылардың актерлік шеберлігі, бейнеқұбылысы мен аудиоқұбылысы, операторлық қабілеті, жұмысты рәсімдеу мәдениеті мен шығармашылық жаңашылдығы.

Қазылар алқасының шешімімен конкурс жеңімпаздары атанған оқушылар:

Бірінші орын – Амангельдыев Асанали, Бородулиха ауданы Жезкент кентінің мектеп-лицейі, бейнеролик «Примите наши поздравления»;

Екінші орын – Адаева Амина, Глубокое ауданының №1 Белоусовка орта мектебі, бейнеролик «Учитель, тебе посвящаем эти строки»;

Үшінші орын – Семей қаласының № 27 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушылары, бейнеролик «Мұғалім – мектептің жүрегі».

 

 

 

 


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 348