Рус 
Сенім телефоны – 701 - 828
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Қазан 2018
ДүСеСәБеЖұСенЖе
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
    

ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы 2018 жылғы қазан-желтоқсан айларында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Ұстаз өзгерістер елшісі» республикалық жобасының «Ұстазым мақтанышым» кіші жобасы аясында «Табысты менеджер - 2018» облыстық байқауын өткізеді.

Байқау жалпы білім беретін, шағынжинақты мектептердің және ШҚО бойынша мемлекеттік емес білім беру ұйымдарының басшыларының шығармашылығын дамытуға бағытталған.

Байқаудың негізгі мақсаты – облыстың білім беру ұйымдарындағы шығармашылықпен жұмыс істейтін басшыларды анықтау, ынталандыру және қолдау көрсету, үздік инновациялық менеджментті насихаттау.

«Табысты менеджер - 2018» байқауы екі кезеңнен тұрады: бірінші – аудандық, екінші – облыстық.

Байқауға қатысу үшін орта білім беретін облыстың мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарының басшылары (жалпы білім беретін, шағынжинақты мектептер) шақырылады, сонымен бірге келесідей материалдар тапсырылады: тапсырыс және ереженің қосымшасына сәйкес құжаттар.

Облыстық «Табысты менеджер - 2018» байқауының жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, номинациялармен және жеңімпаздар – алғыс хаттар, естелік сыйлықтармен марапатталады.

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 345