Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы 2018 жылдың 2-3 қазан күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Үздік мектеп мұражайы» атты Республикалық байқаудың облыстық кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты - мұражай педагогикасы арқылы жас ұрпақтың жеке басын қалыптастыру үдерісі мен әлеуметтендірудің жаңа тәсілдерін іздеу.

Облыстық кезеңге облыстың қалалары мен аудандарының 16 мектеп мұражайы өтінім берді. Байқаудың ережелеріне сәйкес Абай, Аягөз, Бородулиха, Глубокое, Жарма, Зайсан, Зырян, Көкпекті, Тарбағатай, Ұлан, Үржар аудандарының, Өскемен, Семей, Риддер қалалары, облыстың ДБА Жамбыл атындағы ОММГИ, Ш. Уәлиханов атындағы "Жас Ұлан" арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты мұражай жетекшілері мен мұражай кеңесінің мүшелері өздерінің презентацияларын ұсынды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды:

Гран-при – Мухитов Мухамедсапа Фазылжанович, Улан ауданы, «Таврия орта мектебі» КММ, мұражай жетекшісі, мектеп директоры, Дүйсенбекова Айым Жандосқызы – 11 сынып оқушысы, мұражай кеңесінің мүшесі.

І орын – Айтказина Алтынгуль Айтказиевна, Семей қаласы, «Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, тарих пәнінің мұғалімі, Советхан Саян – 11 сынып оқушысы, мұражай кеңесінің мүшесі.

ІІ орын – Джура Елена Юрьевна, Бородулиха ауданы, «Уба-Форпост орта мектебі» КММ, мектеп мұражайының жетекшісі, Свиридова Анастасия Владимировна – 10 сынып оқушысы, мұражай кеңесінің мүшесі.

ІІІ орын – Мищенко Нина Александровна, Зырян ауданы, «Чиркаин негізгі мектебі» КММ, мектеп мұражайының жетекшісі, Медетова Карина Медетовна – 4 сынып оқушысы, мұражай кеңесінің мүшесі.

Номинациялар:

«Үздік тарихи мұражай» - Илиуф Хаджи-Мурат Шаяхметович, ДБА Ш. Уәлиханов атындағы "Жас Ұлан" арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты, мектеп мұражайының жетекшісі, Мусанов Алижан Жанұлы–9 сынып оқушысы мұражай кеңесінің мүшесі.

«Үздік кешенді өлкетану мұражайы» - Леспаева Назымгуль Алихановна, Жарма ауданы, «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ, мектеп мұражайының жетекшісі, Қайратбекұлы Жаныбек – 10 сынып оқушысы, мұражай кеңесінің мүшесі.

«Инновациялық тәсіл үшін» - Слатина Наталья Геннадьевна, Өскемен қаласы, «№15 орта мектебі» КММ, мектеп мұражайының жетекшісі, Мереева Аружан Бахтияровна – 11 сынып оқушысы, мұражай кеңесінің мүшесі.

2018 жылдың 1-2 қарашасында Астана қаласында өтетін «Үздік мектеп мұражайы» Республикалық байқауына облыстық кезеңнің жеңімпаздары гран-при иегерлері Мухитов Мухамедсапа Фазылжанович Улан ауданы, «Таврия орта мектебі» КММ,– мұражай жетекшісі, мектеп директоры, Дүйсенбекова Айым Жандосқызы – 11 сынып оқушысы, мұражай кеңесінің мүшесі қатысады.


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364