Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

        2018 жылдың 28 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 7-9 сынып оқушыларына арналған республикалық өзін-өзі тану пәні олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

        Олимпиада Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларға арналған Өскемен қаласындағы физика, математика және информатика саласында мамандандырылған мектеп-лицейінде» өтті.

        Шараның мақсаты – құндылық бағдарларды қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын мадақтау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау оларға рухани-адамгершілік білім беру.

        Олимпиаданың облыстық кезеңіне аудан/қаладан, облыстық мамандандырылған мектептерден 27 команда қатысты. Жобаларды қорғау үшін балалар үлкен жауапкершілікке ие болды және қазылар алқасына мейірімділік, жауаптылық, құндылықтар, патриотизм, сүйіспеншілік және т.б. ұстанымдарын көрсетті

        Нәтижесінде қазылар алқасы үздік командаларды іріктеді.

        І дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

        - Аягөз ауданының командасы;

        - Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің командасы.

        ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

        - Жарма ауданының командасы;

        - Көкпекті ауданының командасы;

        - Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының командасы  марапатталды.

        ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

        - Зайсан ауданының командасы;

        - Глубокое ауданының командасы;

        - Курчатов каласының командасы;

        - Тарбағатай ауданының командасы;

        - Күршім ауданының командасы марапатталды.

        Барлық қатысушыларға сертификаттар, жүлдегерлерге дипломдар, грамоталар  және естелік сыйлықтар табысталды.

 

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Олимпиадаға қатысушыларға, олардың ұстаздары мен ата-аналарына табыстар тілейміз.


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364