Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

        2018 жылғы 30 наурызда Өскемен қаласы «Орталық» жүзу бассейнінде әскери-патриоттық спорттық клубтарының, жас құтқарушылар клубтарының курсанттары, мерзімді және келісім-шарт қызметінің әскери қызметкерлері, жас офицерлер, суда-құтқару көпсайыс бойынша 2-ші облыстық турнирге қатысты.

        Жарыс жергілікті әскери басқару органдарының құрылғанына 100 жыл толуына арналып, салауатты өмір салтын насихаттау, суда апатқа ұшырағандарға көмек көрсету тәсілдері мен әдістерін балаларға үйрету, спорттың судағы спорттың түрлерін дамыту және дәріптеу мақсатында өткізілді.

        Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан ӨҚ № 5518 әскери бөлімінің клубындағы салтанатты ашылуында Шығыс Қазақстан облысының Қорғаныс істері бойынша Департаментінің әскерден тыс дайындық бөлімінің басшысы Алмас Тилеукабылұлы Чункунов сөз сөйледі.  

        Дарынды балаларға арналған математика, физика және информатика  саласындағы облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінен, Өскемен қаласы әкімдігінің № 29 қосымша білім беру мектеп-орталығы, Өскемен көп салалы технологиялық колледжі, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Өскемен қаласының экономика және қаржы колледжінен, Өскемен құрылыс колледжі, Өскемен қызмет көрсету саласының колледжі, Өскемен политехникалық колледжі, Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің «Восток» ӨҚ № 27943 әскери бөлімінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланның «Шығыс» ӨҚ № 3477, 5518, 6699 әскери бөлімінен, Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебінің Өскемен қаласындағы филиалының су құтқарушылары ретінде өздерін көрсетуге 15 команда келді.

Ережеге сәйкес жабық бассейнде 25 метрге жүзу және біріккен эстафетаны өткізу анықталды: құтқару жилетінде жүзу, құтқару белгісімен жүзу, құтқару шеңберберімен жүзу, жәбірленушіні тасымалдаумен бірге жүзу, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу

        Жарыс нағыз көңілді спорт мерекесіне айналды. Қызықты әрі тартысты жеңістегі жалпыкомандалық есепте: 

        - 15-18 жас аралығында бірінші орынды Өскемен қаласының экономика және қаржы колледжінің командасы,  екінші орынды, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің командасы, үшінші орында Дарынды балаларға арналған математика, физика және информатика  саласындағы облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің жасөспірімдері жеңіп шықты.   

        - 18-22 жас аралығында бірінші орынды № 6699  әскери бөлімінің командасы, екінші орын № 27943 әскери бөлімінің командасы, үшінші орынды № 5518 әскери бөлімінің командасы иеленді.

         - 22-25 жас аралығында бірінші орынды № 5518 әскери бөлімінің командасы, екінші орынды № 27943 әскери бөлімінің командасы, № 3477 әскери бөлімінің командасы жеңіске жетті.  

        25 метрлік жүзудегі жеке сынақта үздік шыққандар:

-         15-18 жас ерекшелігінде:

1 орын - Гаптурахманов Даниил, Дарынды балаларға арналған математика, физика және информатика  саласындағы облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі;

2 орын - Айжигитов Ильяс, Дарынды балаларға арналған математика, физика және информатика  саласындағы облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі;

3 орын - Сеитов Дарын, Өскемен қаласының экономика және қаржы колледжі.

18-22  жас ерекшелігінде:

1 орын - Серикбаев Жанбыл, № 6699 әскери бөлімінің командасы;

2 орын - Кабылкаров Али, № 6699 әскери бөлімінің командасы;

3 орын -Макенов Мейыр, № 6699 әскери бөлімінің командасы.   

22-25 жас ерекшелігінде:

1 орын - Мырзабеков Нурсултан, № 5518 әскери бөлімінің командасы;

2 орын - Садыков Наурыз, № 3477 әскери бөлімінің командасы;

3 орын– Достанов Азат, № 27943 әскери бөлімінің командасы.

        Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдар мен медальдармен марапатталды. Ал қалғандарына қатысқаны үшін сертификаттар берілді.

        Іс-шараны ҚР ІІД Төтенше жағдайлар бойынша комитетінің Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару отряды, ШҚО қорғаныс істері бойынша департаменті, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, ШҚО білім басқармасы, ҚР Ұлттық Ұлан «Шығыс» Өңірлік Қолбасшылығы, ҚР Қорғаныс министрлігінің «Восток» Өңірлік Қолбасшылығы Өскемен қаласы әкімдігінің № 29 қосымша білім беру мектеп-орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364