Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

«Дарынды мектеп» кешенді жобасын жүзеге асыру аясында, патриотизм, гуманизм және жалпыадами құндылықтар негізінде жастардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында «Шығыс ұландары» сыныптары ашылды. Тірек мектебі ретінде дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты болды.

Өскемен қаласында 2018 жылдың 28-30 наурызы аралығында «Шығыс ұландарының» 5-6 сыныптарының 150 оқушысы және дарынды балаларға арналған  Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының  11 сынып оқушылары облыстық «Сардар» кешенді олимпиадасына қатысты.

Шараның мақсаты – әскер қызметке қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және дамыту, әскер білімнің беделін насихаттау, шығармашылық қабілеттерді дамыту.

Кешенді олимпиада 2 айналымда өткізілді. Теорялық айналым – математикадан, физикадан, Қазақстан тарихынан, қазақ және орыс тілдерінен, алғашқы әскери дайындықтан тесттілеу.

Олимпиада қатысушылары алғашқы әскери дайындық пен дене шынықтырудан нормативтер тапсырған тәжірибелік айналым О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өткізілді.

Қатысушыларды құрамына ШҚО әр түрлі күштік құрылымдар мен әскери бөлімшелерінің өкілдері енген әділ қазы алқасы бағалады.

Олимпиада аясында мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды: «Юбилейный» кинотеатрында «Алтыншы  пост» патриоттық филімінің көрсетілімі, психологиялық тренинг, Өскемен қаласы, ҚР Ұлттық гвардиясының 5518 әскери бөліміне саяхат.

Салтанатты түрде облыстық «Сардар» кешенді олимпиадасының жабылуы және қатысушылардың марапаттауы өтті.

Мерекелік атмосфераны барабаншылардың шеруі және Ш. Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының тәрбеленушілерінің көрсетілімі сыйлады.    

Марапаттау рәсіміне ҚР Ұлттық гвардияның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары, полковник Н. Алкешов, полиция подполковнигі ШҚО ІІД бастығының міндетін атқарушысы М. Ким, ШҚО бойынша кадр жұмысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің подполковнигі Р. Кожасеитов, ШҚО бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің бас маманы Б. Кенчимбаев қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша І дәрежелі дпломмен марапатталғандар  –  11; ІІ стдәрежелі– 14; ІІІ дәрежелі – 26 оқушы.

 

Олмпиаданың жеңімпаздарын, жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Жас патриоттарға алда жеңістер тілейміз!


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364