Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

             Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және мемлекеттің  әлеуметтік саясатының жетекші бағыттарының бірі  барлық қазақстандықтар үшін тең жағдай жасау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қамқорлық көрсету. 2050 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясында белгіленген міндеттерді орындаудың объективті қажеттілігі, түзеу мектебінің ұжымы балаларды өмір жолын және кәсіпті саналы түрде таңдауға дайындауды міндеттейді. Бұл сұрақтар 2018 жылдың 28 ақпанында ШҚО ББ «Риддер қаласының дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы (түзеу) мектеп-интернаты» КММ өткізілген қалалық  семинарда талқыланды.  Семинар тақырыбы -   « Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдері». Семинардың қатысушылары жыл сайын мектеп-интернат түлектерін оқуға қабылдайтын, Риддер көпсалалы колледжінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері болды.

Осы санаттағы оқушылармен жұмыс істеудің ерекшеліктерін білу екі мекеменің  мұғалімдеріне жаңа әлеуметтік рөлдерді табысты меңгеру үшін, балаларды дербес өмірге дайындауда сабақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан  пленарлық отырыста талқыланатын негізгі сұрақ дамуында психикалық ауытқушылығы бар және ақыл есі кем балаларды дамытудың қыр-сыры туралы болды.   Мектеп-интернат директоры Г.К.Қдырғалиеваның баяндамасы ерекше қызығушылық туғызды, ол  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың классификациялық әдістері туралы айтты және оқу сабақтарының әдістемелік талаптарына нақты тоқталып өтті. Осы мәселелерді талқылауда оқу үрдісін ұйымдастырудың оңтайлы әдістерін іздестіру семинар қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.

              Баланың заманауи қоғамда әлеуметтік сәтті бейімделуі негізінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау болып табылады. Осы мәселенің мән-жайын педагог-психолог К.А.Уралбаева баяндады.                            

Семинардың негізгі міндеті - кәсіптік білім алуға көшуге дайындықта балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту бойынша мектеп-интернаттың педагогикалық қызметкерлерінің жұмыс жүйесіндегі практикалық бағыттылығын анықтау болды. Осы мақсатта семинар аясында үш тілділікті дамыту бойынша жұмыс жоспары және  мектепке дейінгі кәсіптік оқыту және бағдарлаудың кешенді бағдарламасы,  жаңа білім беру педагогының моделі, оқу үрдісін ұйымдастырудың инновациялық үлгісінің презентациясы,  ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шаралар өткізілді. Қонақтар тәрбиеленушілер шығармашылығының көрмесіне қатысып, балалардың спорттық және шығармашылық жетістіктерімен танысты.

              Семинарға қатысушылар жоғары баға беріп, өте жақсы  пікірлер ұсынды. Мектеп-интернат пен көпсалалы колледждің бірлескен жұмысының жоспары бекітілді.  


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364