Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы 2018 жылдың 22-26 қаңтар аралығында Семей қаласы, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесі базасында «Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында 36 сағаттық біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курстың мақсаты – қосымша білім беру педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Курсқа облыстың барлық аудандарының музыка және өнер мектептерінің педагогтары (140 астам педагог) қатысты.

Курс - баян-аккордеон, ән, хорды дирижерлау, домбыра-тенор, қобыз, фортепиано, хореография сияқты жеті бағытта өткізілді.

Бес күн қарқынды сабақ барысында барлық топтарда қатысушыларға мазмұны жағынан оқушылармен жұмыс жүргізуде баға жетпес әдістемелік көмек беретін  18 сағаттық дәріс және 18 сағат көлемінде тәжірибелік сабақтар берілді.

Педагогтармен жүргізілген сабақ мақсаты – аспаптарда практикалық жаттығуларды, дыбыспен жұмыс істеудегі бейнелі салыстырулардың көлемділігін және нақтылығын көрсету.

Сабақтарды училищенің үздік оқытушылары өткізді:

  • «Ән» (академиялық) пәні бойынша жоғары санатты оқытушы – Н.С. Кошеров (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері);
  • «Ән» (дәстүрлі ән) пәні бойынша оқытушы - А.Ж. Смасеитова (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, республикалық байқаулар лауреаты);
  • Баян-аккордеон сыныбы бойынша оқытушы - З.И. Габитова (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі), А.Е. Туленов (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі), Р.А. Тураев (Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі);
  • Хорды дирижерлау сыныбы бойынша жоғары санатты оқытушы - Б.К. Распеков (Қ.Р. мәдениет саласының үздігі, Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі);
  • Домбыра-тенор сыныбы бойынша жоғары санатты оқытушылар - Г.Ч. Каримова (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, Қ.Р. мәдениет саласының үздігі), С.Р. Малаев (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері);
  • Қобыз сыныбы бойынша жоғары санатты оқытушылар – Б.Е. Омарова (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі, Қ.Р. мәдениет саласының үздігі), А.Н. Малгаждарова (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі);
  • Фортепиано сыныбы бойынша жоғары санатты оқытушы – Ф.К. Мансурова (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі);
  • Хореография бойынша жоғары санатты оқытушылар – Г.С. Бекметьева (Алтай мемлекеттік өнер институтының түлегі), Б.К. Алжанова (Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының түлегі) М.Л. Есильканова (Алтай мемлекеттік өнер институтының түлегі).

Курс тыңдаушыларымен тәжірибе алмасу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қосымша білім берудің барлық бағыттары бойынша осындай курстардың ұйымдастырылуы мен өткізілуі туралы ұсыныстар айтылды.

Қатысушыларға сертификаттар табысталды. 


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364