Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

        «Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР педагогикалық ғылымдар Академиясының құрметті академигі Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның республикалық ғылыми-әдістемелік атаулы зертханасы – қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытудың желілік қауымдастығының орталығы.

         «Дарынды мектеп» кешенді жоспары негізінде 2017/18 оқу жылына арналған облыстағы Қ.Бітібаева атындағы зертхана бөлімшелері және магниттік мектептермен өткізілетін қадамдық жоспар негізінде 2017 жылдың 13 қазан айында зертхана филиалдары желілік байланысқа шықты. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Абай атындағы орта мектеп пен Қ.Билялов атындағы мектеп - гимназиясындағы Қ.О.Бітібаеваның ғылыми-әдістемелік атаулы зертханасы филиалдарының ұйымдастырумен «Қ.Бітібаеваның оқушылардың өзін-өзі оқыту  технологиясы негізіндегі зерттеу, іздендіру бағытында тапсырма беру тәсілдерінің тиімділігі» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізіліп, онлайн желісінде 14 зертхана филиалдары байланысқа шықты. Олар: ДБА Жамбыл атындағы мектеп –гимназиясы, Тарбағатай ауданы Абай орта мектебі, Қ. Біләлов мектеп – гимназиясы, Зырян ауданы, №9 Зырян орта мектебі, Риддер қаласы, «Шаңырақ»мектеп – гимназиясы, Көкпекті ауданы, Көкпекті орта мектебі, Глубокое ауданы, О.Бөкей атындағы орта мектеп, Жарма ауданы Жарма мектеп – гимназиясы, Семей қаласы, №37 мектеп – гимназиясы, Абай ауданы, Қарауыл мектеп – гимназиясы, Өскемен қаласы, №10 мектеп – гимназиясы және №3 мектеп –лицейі, Күршім ауданы, №3 Күршім гимназиясы, Семей қаласы, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді мектеп - гимназиясы.

        Зертхана жетекшілері Ж.Байсалбаева Ы.Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесі бойынша, Ж.Тантаева оқушыны ойланту, өзіндік ізденіске жетелеуде жиі қолданылатын   КЖТ (конструкциялық жобалау технологиясы) және оқушылардың шығармашылық қабілетіне жол ашатын «Бестік» диктантының тиімділігі жайында іс-тәжірибелерін ортаға салды.Қ.Билялов атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Бексолтанова М.Әуезовтің «Қараш - Қараш оқиғасы» атты сабағы бойынша іс-тәжірибесімен бөлісіп, Қ.Бітібаева технологиясының өміршеңдігін атап көрсетті.

         Қ.Омарғалиқызының «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясын, педагогикалық мұрасын насихаттауда, тәжірибе алмасуда желілік қауымдастықтың тиімділігі зор.


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364