Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72 жылдығына арналған «Жеңістің жұлдызды марафоны» конкурсының қорытындысы

 

Жеңіс күнінен бері 70 жылдан астам уақыт өткенмен, ұрпақ жадына уақыт билігі жүрмейді. Жауынгерлердің ерлігі мен тылда жеңісті жақындатқан еңбекші халықтың ерлігі еш уақытта ұмытылмас. 2017 жылдың 20 сәуірі мен 5 мамыры аралығында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72 жылдығына арналған «Жеңістің жұлдызды марафоны» конкурсы болып өтті.

Конкурстың мақсаты – өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке, эстетикалық және әскери-патриоттық тәрбиелеуге жағдай жасау, балалар мен жастар арасында Отанға, оның тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне деген құрметпен қарауды қалыптастыру, ұрпақтар арасындағы диалогты әрі қарай дамыту, аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Конкурсқа жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерден 10 команда қатысты. Конкурс 4 кезең бойынша өтті:

- «Соғыс жылдары тарихының білгірлері»;

- «Қасым» әскери-патриоттық фильмін (4 серия) көріп тамашалау қорытындысы бойынша викторина;

- «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің ұрпақтар үшін маңыздылығы» бейнеклипін түсіру;

- «Жеңіс өлеңдері».

Конкурс қорытындысы бойынша келесі нәтижелер анықталды:

1 орын грамотасымен Бородулиха ауданы Комаров орта мектебінің командасы.

2 орын грамотасымен Шемонаиха ауданы №1 Н. Островский атындағы орта мектептің командасы.

3 орын грамотасымен Глубокое ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп гимназиясы марапатталды.

Номинациялар бойынша грамоталар:

- «Соғыс жылдары тарихының білгірлері» – Өскемен қаласындағы «Дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу арнайы мектеп-кешен-орталығы» командасы мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты командасы;

- «Жеңіс өлеңдері» – Шемонаиха ауданының Камышенка орта мектеп-балабақша кешені командасы мен Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі командасы;

- «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің ұрпақтар үшін маңыздылығы» үздік бейнеклипі – Глубокое ауданының Переваловка орта мектебінің командасы;

- «Жас патриот» - Аягөз ауданы қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы командасы.

 

Барлық жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Жаңа шығармашылық идеялар мен табыстар тілейміз!

 


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364