Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

2017 жылдың 11-13 сәуір аралығында  Өскемен қаласының «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК, «№ 9 «Арман» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК және «№1 «Балапан» балабақшасы» КМҚК базаларында  балабақшаның музыкалық жетекшілеріне және хореограф мамандарға арналған «Мектеп жасына дейінгі балаларға «Музыка» оқу қызметін беру ерекшелігі» атты  үш күндік облыстық оқыту семинарын ұйымдастырды.

Облыстық семинар мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық дамытудың әртүрлі әдістерін қарастыру мақсатында өткізілді.

Семинардың бірінші күні Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде қатысушыларға «Білім салаларының кіріктірілуі :музыка және басқа білім беру салалары» тақырыбында колледж мұғалімдері Г.Сербина, А.Бикадамова музыка теориясынан тәжірибелерімен бөлісті.

Өскемен қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Восток» ғылыми-зерттеу орталығы «Қарлығаш» балабақшасының музыка маманы М. Бекжигитова «Музыка өнері арқылы мектепке дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесін дамыту» тақырыбында шеберлік-сыныбын өткізді.

Семинардың практикалық бөлімінде «Өздік музыкалық қызметті ұйымдастыру» шеберлік-сыныбында колледж мұғалімдері Г. Сербина, А. Бикадамова тыңдаушылардың қатысуымен домбыра және қасықпен ойнауды көрсетті.Семинарға қатысушылар хореограф С.Поляковамен бірге би қозғалыстарының түрлерін меңгерді.

Семинардың екінші күні «№ 9 «Арман» бөбекжай-балабақшасында» КМҚК «Мектепке дейінгі жастағы баланың музыкалық дамуындағы педагогтың кәсіби шеберлігі» тақырыбында «Сәлем, музыка әлемі!» музыка пәні жетекшісі Н.Қабдолданованың, «Қазақшаңыз қалай?» қазақ тілі мұғалімі Г. Төленованың, «Есть у солнышка друзья» музыка жетекшісі Т.Самсонованың шеберлік сыныптарымен жалғасты. «№ 9 «Арман» бөбекжай-балабақшасы фойесінде балалардың шығармашылық жұмысының көрмесі ұйымдастырылды.

Семинардың үшінші күні «№1 «Балапан» балабақшасының «Музыкалық тәрбие әдістері және негізгі бағыттары» тақырыбында «Гүлдер перісіне саяхат» хореограф М.Халелованың, «Үрмелі аспап-сазсырнай» музыка жетекшісі А.Бейсаканованың, «Қобыздың әсерлі үні» музыка жетекшісі Э. Бидахметованың  ашық сабақтары өткізілді. «Баланың эмоционалдық дамуындағы музыканың рөлі» хореограф Б.Б. Рахымжанованың,«Би сабағында музыкалық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін қолдану» хореограф М.А. Халелованың шеберлік сыныптары жоғары деңгейде өтті.

Жалпы қатысушылар семинарды жаңашылжәне өзектілігін ерекше атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушыларға әдістемелік құралдар таратылды.

 

 

ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364