Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

  Дәстүр бойынша ұстаздар қауымы үшін тамыз айы білім беру жүйесіндегі жаңа бастамалар уақыты болып табылады. Өткен оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылында қызмет бағытын анықтау үшін 22-23 тамыз күндері Өскемен қаласында Тамыз  кеңесі өткізіледі. Шараға білім беру саласының 500-ден астам мамандары қатысты.    

  Пленарлық отырысқа атқарушы және уәкілетті билік өкілдері, ШҚО-да үштілдік білімді енгізетін деңгейлік оқулықтардың авторлары, жоғары көрсеткіштері бар үздік білім мекемелерінің басшылары мен мұғалімдері,   барлығы 500-ден аса адам қатысты.   

  ШҚО білім басқармасының басшысы Айжан Садықова өз баяндамасында өткен оқу жылын қорытындылап, жаңа оқу жылында күтілетін жаңалықтар туралы бөлісті.

  Сөз сөйлеушілер облыстағы білім беру мекемелеріндегі  үштілділік, материалдық техникалық база мәселелеріне тоқталды.

  Сонымен қатар кеңеске қонақ ретінде шақырылған  ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова білім саласындағы адами капитал туралы сөз қозғаса, Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева білім берудің заманауи моделі туралы айтты.

  Ұстаздың кәсіби шеберлігі туралы сөз сөйлеген Ұлан ауданының мұғалімі Ирина Смирнова өз сөзін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеп, тілдерді терең меңгеруімен жұртты таң қалдырды.

  Отырысты қорытындылап сөз сөйлеген ШҚО әкімі Даниал Ахметов саладағы проблемалардың назардан тыс қалмайтынын және оларды болдырмау үшін әрбір азаматтың өз ісіне  асқан жауапкершілікпен қарауы керектігін айтты.

  Салтанатты жиналыста бірқатар білім саласының қызметкерлері «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» және «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгісімен, облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

  Сонымен қатар, «Орта білім беретін үздік ұйым - 2016» конкурсының грант иегері Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  сегізжүз мәрте минималдық жалақы, яғни 18 млн  теңге көлеміндегі сертификат табыс етілді.

  Қазақстан халқының интеллектуалдық болашағы білімде жатыр. Дамыған қоғамда оқушылар білім алудың дұрыс бағыттарын қолдана білуі керек. Бүгінгі таңда білім саласындағы жүргізілген реформалар нәтижесінде үштілділік, еуразиялық көпмәдениеттілік, қатысымдық, технократтық және т.с.с. базалық біліктілікке бағытталған білім берудің жаңа моделі құрылады. Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін жоғары білімді адами капитал қажет. Модернизация саласына көп көңіл бөлінеді. Экономикалық және қаржылық қиыншылықтарға қарамастан, білім беру саласын қаржыландыру көлемі жылдан жылға артып келеді. 2016 жылы біздің саламызға  91,7 млрд. теңге бөлінді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 13,7 млн. теңгеге (2015 жылы - 78 млрд. теңге) артық. Білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2015 жылы 390,0 млн. теңге бөлінсе, ағымдағы жылдың 6 айында  білім беру мекемелерін жаңа оқу жылына дайындау үшін 236,7 млн. теңге бөлінді. 2016 жылы  салынып жатқан 12 мектептің   2260 орынға арналған 7 мектебін биылғы жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында, ҚР Ұлттық қор қаражаты есебінен 6 білім нысандарының құрылысы жүргізілуде, соның ішінде Риддер қаласында 2120 орынға арналған 5 мектеп пен 280 орынға арналған балабақша салынып жатыр. Облыстың мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 794 мектепке дейінгі мекеме қызмет атқарады, соның ішінде 272 – балабақша бар. «2015-2017 жылдарға мектепке дейінгі мекемелерді енгізу мен ашудың қадамдық жоспарын» жүзеге асыру шеңберінде ағымдағы жылы 2830 орынға арналған 29 мектепке дейінгі мекеме, соның ішінде, 17 жекеменшік балабақша  ашылатын болады. Мектепке дейінгі білім беруді қамту 99,2%-ды құрайды.


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364