Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

  Шығысқазақстандық 300 астам оқушылардың мәтінді оқу және түсіну сапасын тексереді. Қазақстандық оқушылар алғаш рет PIRLS-2016 халықаралық зерттеуіне қатысады. ІКА халықаралық ұйымымен мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеуіне қатысу үшін облысымыздың 9 қала және аудандарынан 12 мектептің 303 төртінші сынып оқушылары анықталды. Айтылмыш зерттеуге әлемнің 50 елінен 250 мың бастауыш сынып оқушылары қатысады.

  Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы біздің облысымызда 2016 жылғы 4 сәуірден бастап PIRLS-2016 негізгі халықаралық зерттеуін жүргізеді. Зерттеу тестілеуді жүргізген ұлттық координатор Ж.С. Увалиева мен облыстық координатор Б.Ж. Қозыбаеваның қатысуымен жүргізіледі.

  Тестілеуге берілген уақыт 10 минуттық үзілісімен -80 минут. Әрбір қатысушыға мәтіннің екі түрі беріледі. Әдеби мәтін – бұл ертегі немесе қызық әңгіме, және ғылыми-ақпараттық мәтін, мысалы жануарлар туралы әңгіме.

  Оқу сауаттылығының нәтижесі екі позиция бойынша бағаланатын болады: оқудың әдеби тәжірибесі, ақпаратты түсіну және қолдану. Бұдан басқа, пікір алуға ата-аналар, сынып жетекшілері, төртінші сынып оқушылары мен мектеп директорлары қатысады.

  Зерттеудің нәтижесі 2017 жылдың желтоқсан айында белгілі болады. Зерттеу бес жылда бір рет жүргізіледі.

   Бұл жоба алғаш рет 2001 жылы әлемнің 35 елінің қатысуымен өткен болатын. PIRLS зерттеуінің үш кезеңінің нәтижесі бойынша (2001, 2006, 2011) көшбасшы елдер – Гонконг, Ресей, Финляндия, Сингапур.

         Біздің оқушыларымыз өз қатарластарынан қалмай жақсы нәтиже көрсететініне сенеміз!!!

 

Шығыс Қазақстан облысында

PIRLS-2016 халықаралық зерттеуінің

 тестілеуін жүргізу кестесі

 

1. Үржар ауданының Абай атындағы орта мектебі - 04.04.2016 ж,

2. Аягөз ауданының қазақ мектеп-гимназиясы – 05.04.2016 ж,

3. Жарма ауданының Қобдиков атындағы орта мектебі – 06.04.2016 ж,

4. Семей қаласының №8 және №39 орта мектептері – 07.04.2016 ж,

5. Бородулиха ауданының Абай атындағы орта мектебі – 08.04.2016 ж,

6. Риддер қаласының №14 және №3 орта мектептері – 09.04.2016 ж,

7. Зыряновск ауданының №11 орта мектебі – 11.04.2016 ж,

8. Қатон-Қарағай ауданының Топқайың орта мектебі – 12.04.2016 ж,

9. Ахмер орта мектебі мен Өскемен қаласының №43 мектеп-гимназиясы – 13.04.2016 ж.


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364