Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

Отанға деген сүйіспеншілік құндылықтарын қалыптастыру мен оқушыларға азаматтық патриоттық тәрбие беруде педагогтарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында және ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 9 сәуірінде Шемонаиха қаласының «№5 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ базасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту қарсаңында Шемонаиха ауданы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Жас Ұлан» Балалар және Жасөспірімдер Ұйымы жұмыстарының іс-тәжірибесінен «Шығысқазақстандықтардың өтпелі әскери кезеңі негізінде оқушыларға азаматтық патриоттық тәрбие беру» тақырыбында өңірлік семинар өтті. Іс-шараға 50 - ден астам білім беру мекемелері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен тәлімгерлер қатысты.

Семинардың ашылу салтанаты «Жас Ұлан» Балалар мен Жасөспірімдер Ұйымы оқушыларының (№5 ЖОББМ) әзірлеген шағын көркемдік қойылымдарымен басталды.

Семинар аясында педагогтар ашық сабақтардың әр түрлі өткізуформаларын (сахналық қойылым, әдеби музыкалық композиция, балалар ұйымы кеңесі отырысы, зерттеу топтарының жобалық жұмыстары, зияткерлік ойындар) көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.

«Қазақстан жолы» тәрбиелік – білім беретін орталық жетекшісі Ю.Старожилов өз баяндамасында өскелең ұрпаққа қазіргі заман жастары мен жеңімпаздар ұрпағының рухани ұқсастығының қалыптасуындағы Жеңіс бейнесін көрсетті.

Е. Нестеренко (Рулиха НОМ) мектептің өлкетану мұражайының жұмысы арқылы оқушыларды тәрбиелеудегі инновациялық стратегияларының тәжірибеде іске асырылуын (мұражайдың көркем, мультимедиялық өңделген материалдарын, «жанданған» экспозициялар) көрсетті. Н. Болотнова (Иванов ат. Выдриха мектеп бала бақша кешені) «Память» зерттеу тобының жобалық жұмыстарын, И.Черепанова (Астафьев ат. НОМГ) «Біздің жерлесіміз- Иван Астафьев» атты әдеби қойылымның үзіндісін көпшілік назарына ұсынды. Қойылым И.Астафьевтің құжаттары, мадақтамалары, хаттары, фотосуреттері енгізілген таныстырылыммен сүйемелденді. В. Григорян(Островский ат. №1 НОМГ) коучинг өткізіп, семинарға қатысушыларғазаманауи мектептердегі көшбасшы рөлініңмаңыздылығы және оны оқу үдерісінде қолдануларынакөмектесті. Н.Сорокина (Первомай мектеп-бала бақша кешені), Г.Кумырканова (Ю.Гагарин ат. НОМ) «Жас Ұлан» балалар ұйымы мен оқушылардың өзін-өзі басқару жұмысының іс-тәжірибесімен бөлісті.

Семинарды қорытындылауда педагогтардың оқушыларға Шығысқазақстандықтардың өтпелі әскери кезеңдері негізінде азаматтық патриоттық тәрбие беру жүйесін жетілдіру, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданына жататындығы үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруда ауқымды жұмыс атқарылып жатқандығы атап өтілді.

Іс–шараны талқылау кезінде Шемонаиха ауданы зерттеу отрядтарының жұмысы бойынша әдістемелік көмек көрсетуге шығармашыл топ құру туралы шешім қабылданды. 

2

3

4

5

6

7

8

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364