Рус 
Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

       Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесімен бірлесе отырып балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің оқушылары арасында 2015 жылыдың 3-5 наурызы күндері 49-Республикалық жас музыканттар фестиваль-конкурсының облыстық іріктеу кезеңін өткізді.

Конкурс балалар музыка мектептері мен өнер мектептеріндегі музыкалық дарыны бар жеке және талантты шығармашыл ұжымдарды анықтау, оларға қолдау көрсету, шығармашылық белсенділіктері мен кәсіби бағдарын ынталандыру мақсатында өткізілді.

Қатысушылар өз өнерлерін екі бағытта:

- жеке орындаушылар: «Қазақ ұлттық аспаптары (домбыра, қобыз, қыл-қобыз, шертер)», «Орыс ұлттық аспаптары (баян, аккордеон, домра, балалайка, гитара)»;

- ұжымдық орындаушылар (оркестрлер, ансамбльдер)» номинациялары бойынша көрсетті.

Конкурсқа барлығы 113 жеке орындаушы мен 20 ұжымдық топ қатысып, олардың 68-і жүлдегер атанды. Бас жүлдемен – 5, 14 жүлдегер І дәрежелі, 24 – ІІ дәрежелі және 25 – ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Сонымен қатар, жүлдегер 10 оқушыға «Балдәурен» Республикалық оқыту-сауықтыру орталығы мен «Дарын жұлдыздары» жыл бойғы оқу-сауықтыру лагеріне демалуға жолдама берілді.

ШҚ ӨҒПО «Дарын» грамотасымен лауреат атанған оқушылардың оқытушылары мен концертмейстерлері марапатталды.

Барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Жүлдегерлер Шымкент қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз!

1200-1 1200-2 1200-3

 

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364