Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының - Ұстаздар күніне құттықтауы


 

Құрметті әріптестер, қымбатты достар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бұл күн – жүректің жылуы мен мейірімге толы шын мәнінде бүкілхалықтық мейрам. Бұл күні біз өзіміздің дана да қатал, шыдамды да талапшыл, қамқор да мейірбан сүйікті ұстазымызды еске аламыз. Сыныпқа кірген кезде баланың білімге деген құштарлығын, махаббатын оята білетін ұстаздың шеберлігі міне осында. 

Біздің облысымыздың білім беру саясатындағы басым бағыттардың бірі – мұғалім мамандығының абыройын арттыру, үздік мұғалімдерді қолдау. Жыл сайын облысымыздың педагогтар қауымы республикалық, облыстық марапаттарға ие болады. 

Біздің педагогтар кәсіптік байқаулардың көбіне қатысып, әртүрлі жобаларды жүзеге асырып өздерінің белсенділіктерін көрсетеді. Жаңа мақсат жаңа тәсілді талап етеді. Ол білім сапасын басқару үлгісін жасау, қашықтан оқытуды дамыту, денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың жаңа технологияларын енгізу аймақтық жобаларына белсенді қатысқан кезде дамиды. 

Ұстаздар, педагогтар, тәлімгерлер! Сіздер әр оқушыға табысқа жетіп, қабілетін дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймайсыздар, әр оқушыңыз жақсы адам болып шықса екен деп бар жүректеріңізбен тілейсіздер. Сіздер балаларды мейірімді, жауапты, адал болуға үйретесіздер. Оларға өмірдің алғашқы қиындықтарын жеңуге, өздеріне сенімді болуға, қабілетін ашуға көмектесесіздер. 

Сіздердің оқушыларыңыздың табыстары мен жетістіктері біздің аймағымыздың дамуына қосқан зор үлестеріңіз. 

Еңбектеріңіз үшін үлкен рахмет! Денсаулық, мол табыс, қайтпас жігер тілеймін!


Comments (0)


Пікір қалдыру

Please login to comment.