Сенім телефоны – 702-362
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
ШҚО білім басқармасының біріңғай байланыс орталығы - 405-734
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2019
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
      

ШҚО білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылғы 5 мамырда аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттердің жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге  басшылық жасайтын әдіскерлері арасында «Үздік әдістемелік қызмет» конкурсы өткізілді.

         Конкурс әдіскерлердің кәсіби біліктілігін және мәртебесін көтеруге, әдіскер жұмысының тиімділігін арттыруға жағдай жасауға, қалыптасқан әдістемелік қызметтің үлгісін жетілдіруге бағытталған.

Қатысушылар  үш конкурстық сынақтан өтті:

1) Білім беру ұйымдарының практикалық қызметінде  қолданылып жүрген әдістемелік қызмет үлгісінің таныстырылымы.

2) Заманауи білім берудің басым бағыттары бойынша шеберлік сыныбының таныстырылымы.

3) Авторлық әдістемелік әзірлеме таныстырылымы (қандай-да бір ісшараны өткізуге көмек ретінде нақты материалдар бар басылым, әдістемелік кеңестер мен нұсқаулар). 

      Конкурсқа Жарма, Үржар, Абай, Катонқарағай аудандары мен Семей және Өскемен қалалары білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.

Конкурс жеңімпазы мен жүлдегерлерін құрамына Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназия-интернаты директорының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары Б.М.Шайымова, дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернаты директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Т.Абраимова, облыстық дарынды балаларға арналған №34 мектеп-лицейдің ЖМЦ пәндер кафедрасының меңгерушісі М.А. Орехова және т.б. енгізілген құзыретті қазылар алқасы анықтады.

Конкурс жүлдегерлері мен қатысушыларға Дипломдар, Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.  

Бас жүлдені Өскемен қаласының білім бөлімі математика пәнінің әдіскері Нүрпейісова Айбарша иеленді.

1 орын - Жарма ауданы білім бөлімі география пәнінің әдіскері Жанақова Жанар.

2 орын  - Семей қаласы білім бөлімі химия-биология пәндерінің әдіскері Ахметқұлова Құралай.

3 орын – Үржар ауданы білім бөлімі химия-биология пәндерінің әдіскері Батырбекова Жұпар, Үржар ауданы білім бөлімі география пәнінің әдіскері Жакашева Гульнар, Катонқарағай ауданы білім бөлімі жаратылыстану пәндерінің әдіскері Жакупова Назигуль.

Абай ауданы білім бөлімі математика пәнінің әдіскері Асылаева Айман Алғыс хатпен марапатталды.

          Білім беру үрдісін әдістемелік қамтамассыз ету, әдістемелік қызмет саласының қызметкерлеріне көмек көрсету мақсатында конкурс материалдарының жинағы шығарылатын болады. 

 

 

170-61 170-62 170-63 170-64 170-65 170-66 170-67 170-68 170-69 170-71 170-72

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 364