Қаз Рус 
Сенім телефоны – 701 - 828
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Сәуір 2017
ДүСеСәБеЖұСенЖе
     
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

 

18.04.2017 ж.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының

 

 бос орнына жалпы конкурс өткізу туралы

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

 

 

«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы,  Қазақстан көшесі, 59/1, 6-қабат, 605-кабинет, анықтама үшін телефон 8 (7232) 70-23-61, факс 70-23-57, эл.пошта A.Bekturgeneva@akimvko.gov.kz, «Шығыс Қазақстан облысының  білім басқармасы» ММ    «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына жалпы конкурс жариялайды.

 

Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы (санаты Д-О-3) - 1 бірлік лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 109932 теңгеден  148242 теңгеге дейін.

 

Функционалдық қызметтері: Бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына бақылауды, жалпы басшылықты жүзеге асыру;

 

Бөлім жұмысын белгіленген тәртіпте ағымдағы және перспективалық жоспарлауды жүзеге асыру, олардың орындалуын бақылайды және талдайды;

 

Мемлекеттік және жергілікті бағдарламаларды (БДМБ, АДБ және қызметтің өзге бағыттары бойынша), басқарманың стратегиялық жоспарын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету және онда қойылған мақсаттарға, міндеттерге және көрсеткіштерге қызметтің жетекшілік ететін бағыттары бойынша қол жеткізу;

 

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте облыстық (республикалық), конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер және т.б. ұйымдастыру және өткізу;

 

Бөлімнің құзыреттілігіне жататын мәселелер бойынша  комиссия, жұмыс тобының жұмысына қатысу;

 

Өзінің құзыреттілігі шегінде облыстың қала және аудандарындағы білім беру ұйымдарының әкімшіліктеріне, педагогикалық ұжымына, жергілікті атқарушы органдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу, кеңес беру, әдістемелік, тәжірибелік көмек көрсету;

 

Өзінің құзыреттілігі шегінде өңірлік бағдарламалар әзірлеуге, ақпаратты, анықтама материалдарын дайындауға қатысу;

 

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша меншік түріне қарамастан түрлі мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен, қоғамдық құрылымдармен, мемлекет сыңайлы сектор субъектілерімен және өзге ұйымдармен өзара әрекет ету;

 

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша білім басқармасының алқасына, облыс әкімдігінің отырысына, мәжілістерге материалдар дайындау; Алқа отырысы мен кеңестер жұмысына қатысу;

 

Өз құзыреттілігі шегінде мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің уақтылы әзірленуін, бекітілуін қамтамасыз ету, білім беру ұйымдардың стандарт пен регламенттің талаптарына сақтай отырып мемлекеттік қызмет көрсетуін үйлестіру және бақылау;

 

Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту және тәрбие жұмысы мәселелері бойынша бөлім, сондай-ақ білім беру органдарының жұмысын талдау, бөлім жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарды басшылықтың қарауына ұсыну;

 

Бөлім құзыреттілігіне енетін мәселелер жөніндегі БжҒМ, білім басқармасының бұйрықтарын, облыстың қалалары мен аудандарындағы білім беру бөлімдеріне уақтылы жеткізуді және орындауды қамтамасыз ету;

 

Өңірдегі балалардың жазғы демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру және мектеп оқушыларына қосымша білім беру мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асыру;

 

«Өзін-өзі тану» курсын жүргізу мәселелері бойынша қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;

 

Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту және тәрбие жұмысы мәселелері бойынша жылдық есептерді жинау, өңдеу және тапсыруға бақылауды жүзеге асыру;

 

Мектеп оқушылары арасында облыстық конкурстарды, байқауларды, фестивальдерді дайындау және өткізуді қамтамасыз ету;

 

Қолайсыз отбасында жергілікті есепті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;

 

Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;

 

Салауатты өмір салтын насихаттау және кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және балалардың қараусыз, панасыз қалуын, нашақорлық пен маскүнемдікті, балалар еңбегін пайдалануды, кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғылмаушылық, зорлау және қатыгездік қарым-қатынас және балалар ортасындағы өзге де жағымсыз көріністердің алдын алу;

 

Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет ережелерін уақтылы әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады;

 

Өз құзыреттілігі шегінде хаттар, өтініштер, шағымдарды уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;

 

Басқарманың ішкі еңбек тәртібі ережелерін, заңнамаға сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтау.

 

Жетекшілік ететін мәселелері бойынша заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді сапалы орындау бойынша мамандармен және басқарма бөлімдерімен өз құзыреттілігі шегінде бірлесіп жұмыс жасау;

 

Сапа менеджменті жүйесін сақтайды және өзінің лауазымдық міндеттерін сапа саласында бекітілген Саясат пен Мақсатқа сәйкес орындайды.

 

Басқармаға жүктелген міндеттерді, функцияларды, тапсырмаларды және жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың жарлықтарын сапалы, жедел орындауды қамтамасыз ету үшін өзге де әрекеттерді жүзеге асырады.

 

Біліктілік талаптары: «Білім», «Қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс), «Әлеуметтік ғылымдар, экономикажәне бизнес» (мемлекеттік және жергілікті басқару) бөлімдерінің мамандықтары бойынша жоғары білім.

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамашылық, коммуникативтілік, сараптамалық, ұйымдасқандық, стратегиялық ойлану, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, жемқорлыққа шыдамау.

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

 

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

 

3) А-4, B-4, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

 

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

 

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

 

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

 

7) ғылыми дәрежесінің болуы.*

 

 

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

 

1) Нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды;

 

2) тиісті  санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі анықтаған тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

 

3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын,  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін білу.

 

4) Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не болмаса A.Bekturgeneva@akimvko.gov.kzэлектрондық мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тезтікпеге салынған мынадай құжаттарды «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ ұсынады: өтініш, 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген нысанда толтырылған сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi немесе салыстыру үшін түпнұсқалары, еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi немесе салыстыру үшін түпнұсқалары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы
21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі) немесе салыстыру үшін түпнұсқалары, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) немесе салыстыру үшін түпнұсқалары.

 

Егер  азамат жұмыс істемеген жағдайда және егер конкурс жарияланған бос орын бойынша жұмыс өтілі  талап етілмесе еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі талап етілмейді.

 

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

 

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен  бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

 

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар хабарландырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтеді.

 

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

 

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыруды уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жариялаған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде«Шығыс Қазақстан облысының блім басқармасы» ММ  Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1,
605-кабинетіне ұсынылуы қажет.

 

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күн ішінде қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

 

Анықтама үшін телефон 8(7232)70-23-61 e-mail:  эл.пошта A.Bekturgeneva@akimvko.gov.kz

 

 

 

мұрағат

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 274