Қаз Рус 
Сенім телефоны – 701 - 828
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Қантар 2017
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
     

Үштілділікті енгізу бойынша кешенді жоспар

 

2015-2019 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы үштілділікті дамыту бойынша Кешенді жоспарды жүзеге асыру туралы 

АҚПАРАТ

 

Үштілділікті дамыту бойынша Кешенді жоспар үш кезеңде жүзеге асырылады: бірінші - 2015/2016 оқу жылы, екінші кезең - 2016/2017  және 2017/2018 оқу жылдары және үшінші кезең - 2018-2019 оқу жылы. Кешенді жоспарды жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1,3 млрд.  тенге бөлінді.

Кешенді жоспарды жүзеге асыру барысында 3400 тілдік пән мұғалімдері қатысады, оның ішінде 1200 оқытылуы қазақ тілді емес мектептердегі қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, 900 оқытылуы қазақ тілді мектептердегі орыс тілі пәнінің мұғалімдері, 1300 ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері.

Жоспарды жүзеге асырудың І кезеңінде тілдік пәндердің барлық педагогтері диагностикадан өтті, диагностиканың нәтижесі бойынша тілді меңгерудің деңгейі анықталды.

2016 жылдың тамыз айынан бастап тіл пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары өтуде.

Біліктілікті арттыру курстарына шетелдік мамандар тартылуда – тікелей тілді тасымалдаушылар, ЖОО оқытушылары – үздік профессорлар, деңгейлік оқулықтардың авторлары: қазақ тілді емес мектептеріндегі қазақ тілі мұғалімдеріне, профессор, филология ғылымдарының докторы Ф. Оразбаеваның, қазақ тілде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәнінің мұғалімдерін оқыту үшін – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Е. Хамраеваның қатысуымен өтеді. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері ТКТ (teaching knowledge test)емтиханын тапсыруға дайындалуда.

Оқулықтар мен әдістемелік құралдарды жаңартуүш тілді білім беруді енгізудің шешуші факторы болып табылады.Облыста қазақ тілі мен ағылшын тілі пәндері бойынша бірыңғай оқулықтар алынды. Қазақ тілде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәнінің мұғалімдері үшін бірыңғай әдістемелік кешен, мұғалімдерді бағалаудың бірыңғай тәсілдемесінің жүйесі, оқушылардың білімін критериалды бағалаудың жүйесі, мұғалімдер мен оқушылар үшін диагностикалық тесттер әзірленді.

2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап орыс тілі мен ағылшын тілі пәні бойынша вариативтік бөлімнің есебінен қосымша сағаттар (1 ден 3 сағатқа дейін) бөлінді. Жұмыс тобымен құрылған бағдарлама мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар әр мұғалімге берілді. Кешенді жоспардың аясында вариативтік бөлімде 10-12 бала саны бар топтарға бөліну қарастырылған. Педагогтерді ынталандыру туралы Ереже әзірленді.

Кешенді жоспардан күтілетін нәтиже - тіл пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушылардың А1, А2, В1 деңгейінде сөйлеу қызметінің төрт түрінен тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру, көптілділік білім беруге кезеңмен көшуді қамтамасыз ету.

Облыста Кешенді жоспарды енгізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсініктеме жұмыстары жүргізіледі. Арнайы сайтта және Білім басқармасы басшысының блогында, сонымен қатар WhatsApp  нөмірінің құралы арқылы Кешендік жоспарды жүзеге асырудың барысы туралы барлық қажетті ақпараттарды білуге және көкейкесті сұрақтарды қоюға болады.

 

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 243