Қаз Рус 
Сенім телефоны – 701 - 828
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Маусым 2017
ДүСеСәБеЖұСенЖе
   
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
  

0

«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Өскемен қаласындағы филиалының реквизиттары

 

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттыру курстарын өткізу туралы

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

 

  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-мен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен бірлесе отырып, 2016 жылғы 30 мамырдан бастап Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында еліміздің педагогтерінің біліктілігін арттыру курсын бастайтыны туралы хабарлайды.

  Осы мақсатта ҚР БҒМ 15.01.2016 ж. №32 бұйрығымен бекітіліп, ҚР ӘМ 24.02.2016 ж. нормативтік-құқықтық актілермен мемлекеттік тіркелген оқу бағдарламалары дайындалды.

  Мұғалімдерге арналған бағдарламалар педагогтердің тиісті жоғары кәсіби білім, педагогикалық жұмыс тәжірибесін алуы үшін арнайы дайындалған.

  Курстарды сертификатталған тренерлер жүргізеді.

  Оқудың бұл кезеңі бастауыш сыныптардың, қазақ, орыс тілдерінің (екінші тіл ретінде), ағылшын тілі, өнер мен технология, музыка және дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған. 2016 жылы барлығы 54 036 педагогті оқыту жоспарлануда, оның ішінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы базасында – 14 874 мұғалім, ал «Өрлеу» БАҰО» АҚ базасында – 32 162 мұғалім оқытылады.ШҚО бойынша 4567 мұғалім оқиды.

  Курс аясында педагогтер оқыту мен оқудың әлемдегі өзекті әдістемелерімен, критериалдық бағалау жүйесімен танысады.

  Орта білім мазмұнын жаңарту бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының мазмұны мына мәселелерді қамтиды:

  - пәнаралық ықпалдастық;

  - оқытудан күтілетін нәтижелер;

  - үздіксіз оқу;

  - қызметтік тәсіл;

  - минимакс ұстанымы;

  - саралап оқыту;

  - оқу жетістіктерін бағалау жүйесі;

  - үштілдік оқыту;

  - шығармашылықты дамыту;

  - психологиялық жайлылық.

  Әрбір тыңдаушыға Педагогикалық шеберлік орталығының www.cpm.kz білім беру порталына қолжетімді онлайн-материалдары бар оқу-әдістемелік кешен беріледі.

  Курс аяқталған соң мұғалімдер курстардың өткізілетін орындары бойынша республика өңірлерінде онлайн режімінде тестілеуден өтеді. Тестілеу тапсырмалары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленеді. Тестілеу нәтижелерін өңдеу және тапсыру автоматты түрде өткізіледі.

 

Казнаковка ауылының Казнаковка мектебінде Сабақты зерттеу

11.01.17-12.01.17 аралығында Көкпекті ауданының Казнаковка мектебінің педагогтары мектеп директорымен бірге Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастыратын «Тиімді оқыту» курсы аясында Сабақты зерттеу үдерісіне қатысты.

Сабақты зерттеу (ағылш.: Lesson Study) үдерісі Питер Дадлидің (2014) қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде www.lessonstudy.kz сайтында қолжетімді Lesson Study: қолданудың теориясы мен тәжірибесі нұсқаулығындағы ұсынысы бойынша төрт кезеңнен тұрды.

Айта кетерлік жайт, Сабақты зерттеу (ағылш.: Lesson Study) термині Қазақстанның педагогикалық қауымына 2012 жылдан бастап тарағандықтан, өздерінің кәсіби дамуына бұл тәсілдің ықпалы туралы мұғалімдердің ойлары қандай екенін білу қызықты болды.

Сабақты зерттеу үдерісіне қатысып, алған әсерлерімен Казнаковка педагогтары бөлісуде.

«Тиімді оқыту» курсы аясында Сабақты зерттеу үдерісіне қатыса отырып, өзім оқушы рөлінде бола алдым. Әріптестеріммен бірлесе жоспарлаудың көмегі зор болды, себебі талқылау кезінде көп нәрсені үйренуге болады. Олардың айтқан қызықты идеяларын сабақта қолдануға болады екен. Бұл тәжірибелік жағынан өте маңызды» (А мұғалімі)

«Мен үшін Сабақты зерттеу өз қорқынышымды жойып, тәжірибеме жаңалық әкелуге көмектесті. Қолданған жаңа тәсілдердің оқушыларымның оқуына деген ықпалын байқау мені толғандыртты» (Б мұғалімі)

«Мен үшін кері байланыс беру кезеңі маңызды болды. Дәл осы кезеңде сабақ барысындағы жағымды жақтарын түсініп, нені жақсарту керек екенін жазып алдым. Келесі сабақты жоспарлағанда, бұл тұстарды ескеруге тырысамын» (С мұғалімі)

«Әріптестерім келісетін шығар, бақылаушылардың қатысуымен өткізетін сабақ мазасыздану мен қорқыныш сезімдерімен байланысты. Сондықтан, келешекте жақсарту тұстарымды жағымды және байыппен жеткізгені үшін тренерге алғысымды білдіргім келеді. Мен үшін бұл өте маңызды» (Д мұғалімі)

Мұғалімдердің берген кері байланыстарына сүйене, тәжірибені дамытуға байланысты нақты кеңес бере алатын тәлімгердің қатысуымен өтетін, жақсы жоспарланған Сабақты зерттеу циклі мұғалімдердің оқуына жағымды ықпал етеді деген қорытынды жасауға болады. Берілген пікірлер мұғалімдерге оқушыларының қалай оқитынын түсінуі үшін, тиімді оқытуды ұйымдастыру үшін Сабақты зерттеу тәсілін қолданудың пайдасы зор екенін дәлелдейді.

0

 

4

 

5

 

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 287