Қаз Рус 
Сенім телефоны – 701 - 828
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2017
ДүСеСәБеЖұСенЖе
    
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

 Суйцидтің алдын алу мәселесі соңғы он жылдың ішінде жергілікті жерде ғана емес, республикалық деңгейде толқулар тудырған өзекті мәселеге айналып отыр. Осыған байланысты бұл мәселе Қазақстан Республикасының денсаулық, білім, әділет, байланыс және ақпараттандыру министрліктерінің деңгейінде қаралуда. Суйцидтің алдын алу жұмысын жүргізетін барлық субьектілердің қызметін, білім беру мекемелері мен ведомствоаралық әрекеттесулерді жүйелендіру және жандандыру бойынша шаралар қолдану ұсынылған.

   Бұл суйцид көрсеткішінің көбеюі немесе азаюына қарамастан, сапалы талдауға сүйене отырып, алдын алу жұмыстарын жүргізуге мәжбүрлейді.

   Суйцидтің жасалу себебі көбінесе отбасындағы деструктивтік қарым-қатынас болып табылады. Бұдан басқа, 11% -үлкендерді алдауға әрекеттену немесе әуесқойлық, 22% оқиғаның (аяқталған суйцид оқиғаларында) себептері белгісіз күйінде қалып отыр. Суйцид жасайтындардың 44% қыздар, тұрмысы жақсы отбасынан шыққан балалар (67%), тұрмысы нашар отбасынан (33%). Ауқатты отбасыларында – 7,2%, ауқаты төмен отбасыларында - 35,7%, орташа отбасыларында - 57,1%. Оның ішінде суйцид немесе оған әрекеттену оқиғасының – 57,1% толық отбасыларында,  42,9% -толық емес, өгей әкесі немесе бірге тұратын адамы бар отбасыларында  орын алып отыр. Жасалу түрі әртүрлі, бірақ, 2010 жылдың желтоқсанына дейін асылып қалу оқиғасы басым болды. 2010 жылдың желтоқсанынан бастап ақпараттылық артқаннан кейін, тәсілдер әртүрлі бола бастады: таблетка ішіп улану 35,7%, кесілген жарақаттар 21,4%, асылып қалу 42,9%. Балалардың жасы 12-18 жас аралығында.

   Суйцид отбасының ауқаттылығы мен жақсы тұрмысына қарамастан, әртүрлі отбасыларында болады. Ал суйцидке бейім оқушыларды анықтау бойынша диагностикалық зерттеу нәтижесінің сараптамасы, 79,9% кәмелеттік жасқа толмағандарда антисуйцидтік иммунитетті қалыптастыру бойынша қауіптің бары екендігін көрсетті.Сол үшін алдын алу жұмысы мынадай жолдармен құрылу тиіс: жеке адамды ғана емес, оқу үдерісіне қатысушылардың өмірсүйгіштігі мен болашағын, өмірлік мақсатын қалыптастыру. Тәуекел тобына ерекше көңіл бөліп, оқыту және оқытудан тыс әрекеттерде жеке тәсілдеме ұйымдастыру.

   Талдауға сүйене отырып, жұмыс жүйесі құрылатын мәселелер қатары анықталды. Басымдық ретінде келесі мәселелер бөлінді:

1. Психологиялық денсаулық деңгейін зерттеуге, суйцидке бейімділігін анықтауға бағытталған диагностикалық жүйенің жоқтығы.

2. Ата-аналардың бала тәрбиесі мәселесіндегі педагогтік-психологиялық сауаты деңгейінің төмендігі, өз рөлін түсінбеуі, бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін басқаға артуы.

3. Практикалық қызметті жүзеге асыруға  жас мамандардың дайындығы деңгейінің төмендігі, соның ішінде суйцидтің алдын алу бойынша. Суйцидология саласындағы мамандардың жоқтығы.

4. Педагог-психологтардың қызметін республика деңгейінде регламенттейтін, талаптардың шашыраңқылығына, кадрлардың тұрақтамауына, психологиялық сүйемелдеу сапасының төмендеуіне әкеп соғатын нормативтік құжаттардың жоқтығы.

5. Әртүрлі құрылымдардағы алдын-алу субьектілері арасындағы өзара әрекеттесу деңгейінің жеткіліксіздігі.

Сайтта берілген материалдарды, педагог психологтар суйцидалдық қылық бойынша жүргізетін  жұмыстарында қолдана алады.

Алдын-алу жұмысының мақсаты мен міндеттері болып табылады:

  • өскелең ұрпақтың шығармашылық потенциалын жүзеге асыру үшін жағдай құру арқылы, кәмелеттік жасқа толмағандардың алкогольдік сусындар мен есірткіні қолдануының алдын – алу;
  • Балалар мен жасөспірімдерде позитивті әлеуметтік және алкоголь мен есірткіге қарсы мақсатын қалыптастыру;
  • Жасөспірім мен үлкен адамның арасындағы өзара қарым-қатынасында жағымды жағдайлар орнатуды қалыптастыру, отбасы институтын нығайту және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды насихаттау;
  • Жасөспірімдерді алдын-алу бойынша іс-шаралар мен акцияларға тарту;
  • Балаларда спиртті сусындар мен есірткіге тарту қаупін төмендететін дағды қалыптастыру;
  • Білім үдерісіне қатысушыларды саламатты өмір салтына үйрету.

  Өз жұмысыңызда негізгі акцент гуманитарлық педагогика ұстанымына жасалуы тиіс, яғни ашықтық пен ақпараттылық, сонымен қатар еркінділік пен ынтымақтастық. 

 

"Өзіне-өзі қол жұмсау мінезінің психологиясы" әдістемек құралы

 

Білім беру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлеуметтік желілерде алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар

 

Білім беру мекемелерінде өзіне-өзі қол жұмсауды алдын алу туралы ақпарат

 

Презентация 1 (жүктеу)

Презентация 2 (жуктеу)

Презентация 3 (жүктеу)

Презентация 4 (жүктеу)

Презентация 5 (жүктеу)

 


 



Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 305