Қаз Рус 
Сенім телефоны – 701 - 828
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Қантар 2017
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
     

Шығыс Қазақстан облысының білім беру мекемелерінде «Қамқорлық» акциясын өткізу туралы

 

    «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы білім дамуының Мемлекеттік бағдарламасын Шығыс Қазақстан облысында балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету бөлімінде жүзеге асыру бағыты туралы»

 

     Елбасы бастамасымен балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету бойынша 2010-2014 жылдарға «Балапан» бағдарламасы енгізіліп, жүзеге асырылды. ҚР Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы №893 жарлығымен «Балапан» бағдарламасы 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы білім дамуының Мемлекеттік бағдарламасына енгізілді.

     Негізгі мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапалы қызметін ұйымдастыруда тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру.

    «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2010 жылмен салыстырғанда желі 682 бірлікке өскен (124 бала бақша, 558 шағын орталықтар).

Ашылған жаңа орындар саны - 28706 балаға арналған.

    2014 жылдың есеп кезеңінде мектепке дейінгі жастағы жалпы балалар саны – 149077, қалалық жерде  - 85322 (57,23%), ауылдық жерде - 63755 (42,77%) адамды құрайды. Соңғы бес жылда 0 жастан 7 жасқа дейінгі балалар саны 14379 адамға өсті.

    Облыстың мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 825 мектепке дейінгі мекеме қызмет атқарады.

    Жалпы балалар саны 37108 болатын 235 бала бақша бар, оның ішінде 7414 (10,8%) баланы  қамтитын 54 (22,9%) бала бақша жеке меншік, 590 шағын орталықтар бар, оның ішінде - 9836 баланы қамтитын  (с.і. – 1 жеке меншік) толық күн болуымен - 395 (67%). 

   2014 жылы 319 мектепке дейінгі мекемелерде 5-6 жастағы балаларға арналған 10222 бала контингентімен 495 мектепалды топтары ашылды.

   3-6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі білімді қамтуы  98,2%-ды құрайды, 1-6 жас аралығындағы балалар қамтуы - 85,2%.

   Екі көрсеткіш нәтижесі арқылы (1-6 жас, 3-6 жас арасындағы қамту) облыс Республика бойынша 3-орынды иеленіп отыр.

   Елбасының тапсырмасы бойынша 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды 2020 жылға дейін 100% қамту мақсатында білім басқармасы мектепке дейінгі мекемелерді ашу және енгізудің Қадамдық жоспарын жасады. 2015-2017 жылдар аралығында 9260 орынды қамтитын 54 мектепке дейінгі мекеме ашу төмендегі көрсеткіштер есебінен  жоспарланып отыр:

  РБ есебінен 1460 орынға арналған 6 балабақша құрылысы;

  ЖБ есебінен 990 орынға арналған 7 балабақша құрылысы;

  Қайтарып беру есебінен 1540 орынға арналған 7 балабақша;

  Ашу есебінен 1750 орынға арналған 21 жеке меншік балабақша;

  Қайта құру есебінен 290 орынға арналған 2 балабақша;

  МЖЭ (ГЧП) бағдарламасы бойынша 3230 орынға арналған 11 балабақша.

  Облыстың білім басқармасында дамуда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін білімде тең құқылы принциптер жүзеге асырылуда. 

  Мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы саны - 3393 (28%) құрайды.

  Облыста мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 17 білім мекемелері (оның ішінде 6 мектепке дейінгі), 6 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер, 11 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері 12264 балаға қызмет көрсетеді.

   Балалардың инклюзивті білімді қамтуының төмен пайызы Абай, Аягөз, Зырян, Шемонаиха, Тарбағатай аудандарында, Курчатов, Өскемен, Семей  қалаларында түзету кабинеттерін ашу қажеттігін көздейді.

   Қазіргі уақытта «аутизм» диагнозы бойынша мектепке дейінгі жастағы балалар үшін Өскемен қаласы «№21 көмекші мектеп» КММ базасында 4 топ ашу туралы жұмыс жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін 12 млн. теңге қажет.

   Мектепке дейінгі білім жүйесінде 5257 тәрбиеші жұмыс істейді, олардың ішінде 53,3%-ның (2802 тәрбиеші) жоғары білімі бар, 45,7%-да (2403) орта-арнаулы білім бар, 0,5%-дың (29) білімдері аяқталмаған, 0,43% (23) тәрбиешінің білімдері жоқ.

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 243