Қаз Рус 
Сенім телефоны – 701 - 828
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Мамыр 2018
ДүСеСәБеЖұСенЖе
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
   

ШҚО білім басқармасы «Шығыс» өңірлік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 15 мамырында Халықаралық Отбасы күнін мерекелеу аясында «ҰБТ тапсыру кезінде қорытынды аттестациялауға мектеп түлектері мен ата-аналарға психологиялық көмек» облыстық акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты: ҰБТ тапсыру кезінде қорытынды аттестациялауға психологиялық дайындау бойынша оқушылардың, ата-аналардың, педагогтердің функционалдық сауаттылығын арттыру.

ҰБТ - оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде жоспарлы, ойлы дайындықты, әсіресе, түлектердің жауапкершілігін талап ететін 11 жылдық оқудың қорытындысы.

Шын мәнінде ҰБТ – эмоционалдық реакциялардың көрінуі емес, керісінше білімнің дұрыс бағалануы, сондықтан бүгінгі таңда ҰБТ-ға қорытынды аттестациялау кезінде жаңа оңды жұмыс көңіл-күйін құруға, уақытты тиімді пайдалануға кеңестер беру бойынша ата-аналар балаларына көмек бере алады.

Акцияға Шығыс Қазақстан облысының ауданы мен қалаларының, облыстық білім ұйымдарының мектептері түлектерінің 7000 аса ата-аналары қатысты.

Мектеп әкімшілігі мектеп психологымен бірлесіп бітіруші түлектердің ата-аналарымен және педагогтермен тренингтер, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізді. Түлектер үшін ҰБТ тапсырудың мәні мен емтиханды сәтті тапсырудағы әрбір түлектің рөлін ашатын  психологиялық тренингтер, психотехникалық және медиативті жаттығулар өткізілді.

Аталған іс-шаралар түлектерді ҰБТ-ға қалай дайындау керектігі бойынша ата-аналар мен педагогтердің оқушының рөлінде, ал оқушылардың педагог пен ата-ананың рөлінде болуды еске түсіруге мүмкіндік туғызды.  

Тренингтің қорытындысы бойынша оқушылар бір–біріне ҰБТ-да жоғары нәтижеге жетуге тілектерін білдіріп, мазасыздықты және қолбалжудан арылу бойынша өздерінің жеке құпияларымен бөлісті.

Білім беру ұйымының психологтары оқушылар мен ата-аналарға жеке кеңестер өткізді.

Акция қорытындысы бойынша қатысушыларға ҰБТ-ға қорытынды аттестациялау кезіндегі психологиялық көмек көрсету бойынша жадынамалар мен кітапшалар таратылды.


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 344