Қаз Рус 
Сенім телефоны – 701 - 828
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2017
ДүСеСәБеЖұСенЖе
    
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

          2017 жылғы 1 тамызда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының халықаралық PIAAC зерттеуі Қазақстанда алғаш рет бастау алды.   

         Бұл халықтың оқу, математикалық және ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын анықтайтын кең ауқымды халықаралық зерттеу.

         Сауалнамаға және тестілеуге 16-65 жастағы 6000 қазақстандық қатысады. Зерттеуге халықаралық іріктеумен таңдалған елдің барлық өңірлерінің ересек халқы қатысады. 

         Зерттеу еліміздің ересек халқы өздерінің күнделікті өмірінде оқу, ақпаратты іздеу және компьютерлік технологияларды қолдану сияқты әрекеттерді қалай қолданатындарын анықтауға, сондай-ақ олардың білімі және жұмыс тәжірибесі туралы білуге мүмкіндік береді. Осы ақпарат Қазақстанның адами ресурстарының дамуы туралы нақты мәлімет алуға көмектеседі. Зерттеудің нәтижесі бойынша ЭЫДҰ-мен берілген маңызды ақпараттық материал елімізге жұмысбастылықты арттыруға және жұмыссыздықты төмендетуге арналған өмір бойы оқу бағдарламасын әзірлеуге мүмкіндік береді. 

         Зерттеудің нәтижелері құпия ақпарат болып табылады және жалпыланған түрде берілетін болады. Барлық сұрақтар бойынша 8 800 080 88 89 тегін телефон желісіне хабарласуға немесе www.piaac.kz веб-сайтынан ақпаратты нақтылауға болады.

         PIAAC-тың Қазақстандағы Ұлттық үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ болып табылады.

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 305