Қаз Рус 
Сенім телефоны – 701 - 828
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Кырқүйек 2017
ДүСеСәБеЖұСенЖе
    
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Құрметті әріптес!

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде сандық технология саласындағы жаңа бірегей өнім – «Қазақстан – Ұлы дала елі» сандық қосымшасын әзірледі.

Аталған жоба 87-ші қадамның шеңберінде әр азамат пен шетелдік туристке ел туралы толығырақ ақпарат алуға көмек беру басты мақсатымен «Қазақстан энциклопедиясы» көлемді интернет жобасын құру жөнінде Елбасының тікелей тапсырмасын орындау болып табылады.

Қосымша тақырыптардың ауқымды көлемін қамтитын сандық энциклопедия болып табылады және 10 бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және ЭКСПО-2017.

Қосымша үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әзірленген.

68 тараудан тұрады, әр тараудың жеке сурет галереясы (жалпы саны 370 фотосуреттен артық), 24 бейнеролик, 3D пішіміндегі 12 нысан, 20 көріністік фото сурет (360˚ көрсетілетін фото сурет), 12 интерактивті 3D графика, 4 интерактивті 3D картасы бар.

Қосымша түрлі құрылғыларға орнатылады (ұялы телефондар, планшеттер, ноутбуктер, стационарлы компьютерлер).

Электронды нұсқалары AppStore және PlayMarket-те орналастырылған, Сыртқы істер министрлігінің ресми веб-сайтында сайт түріндегі веб-нұсқасын ашу үшін арнайы бөлім бар. Сол сияқты Windows-нұсқасын Сыртқы істер министрлігінің веб-сайтынан көшіруге және flash-карталарға және CD-дисктерге жазуға, оларды түрлі іс-шаралар барысында таратуға болады.

Сондай-ақ, бұл нұсқа бұқаралық іс-шаралар кезінде проекторлардың экрандарында және плазмалық панельдерде презентация жасау үшін компьютерлерге орнатыла алады.

Жобаның жоғары патриоттық әлеуетін және елдің халықаралық беделі үшін маңыздылығын ескере отырып, 2017 жылғы мамыр-қыркүйек айларында оқушылар үшін Қосымша туралы дәрістер, ашық сабақтар және презентациялар ұйымдастыруды сұраймыз.

Оқу үрдісінде белсенді пайдалану қажет (табиғаттану, география, тарих, әдебиет, қазақ, орыс және ағылшын тілдері сабақтарында).

Қосымша AppStore және PlayMarket, Windows форматында, сондай-ақ веб-нұсқа түрінде қолжетімді.

Қосымша: 37 бет (сандық қосымшаға сілтеме, имидждік материалдар).

 

Сілтемелер:

 

 1. AppStore-дағы сілтеме.

 

2. PlayMarket-тегі сілтеме.

 

3. Youtube-тағы қазақ тіліндегі роликке сілтеме.


4. Youtube-тағы ағылшын тіліндегі роликке сілтеме.


5. Youtube-тағы  орыс тіліндегі роликке сілтеме.  

 

 

Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 305