Қаз Рус 
Сенім телефоны – 701 - 828
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Ақпан 2017
ДүСеСәБеЖұСенЖе
  
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
     

"Мейірім" акциясы

 

  Бүгінгі күні «Мейірім» акциясымен облыс бойынша 2040 бала қамтылған. Балаларға әлеуметтік-патронаттық қолдауды 1800-ден астам  патронаттық ұйым көрсетеді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне балалардың шотына аударылған қаражат сомасы 250 млн. теңгеден астамды құрайды.

  Акцияны жүзеге асыру барысында 562 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала пәтермен қамтамасыз етілді. 

  «Мейірім» акциясына қатысқан ірі патронаттық ұйымдар қатарына – «КАЗЦИНК» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ ҰК филиалы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Өскемен арматуралық зауыты» АҚ, «БИПЭК АВТО» ЖШС және басқалары жатады.

  2016 жылдың  20 мамырында облыстық  драма театрда «Мейірім» жыл сайынғы қайырымдылық акциясы өтті. Осы жылы акция ерекше болды, себебі іс-шара қонақтары әйгілі «ДОМИНО» тобы болды, акция режиссеры Алтынбек Рахметов сияқты топтың балалары да осы шараға тегін қатысқанын айта кету қажет.

  Акция барысында ерекше көзге түскен меценаттарға «Шығыс Қазақстан облысы балаларының досы» атты 7 белгі табысталды, балалар үйінің 4 баласы достар және тәлімгерлер тапты, Новая Шульба балалар үйінің  тәрбиеленушісі Сергей Огневқа өз үйінің кілтін табыстау сәті шарықтау шегі болды.

  Мұндай жомарт сыйлықты «Лазарев және компания» ЖШС-нің қаржылық директоры Анна Карловна Лазарева жасаған болатын.

  «Үміт» және №8 балалар үйінің тәрбиеленушілері Гүлдана Қабдрашеваға және Анель Тәттібаеваға бұл кеш шынымен де ерекше болды – олар үшін «Домино» тобының қонақтары «Жүректен жүрекке» акциясының аясында бітіру кешіне көйлек және Туған күніне үлкен торт сыйға тартты.


Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 254