Қаз Рус 
Сенім телефоны – 701 - 828
Жемқорлыққа қарсы
Call-орталығы – 1424
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Call-орталығы – 1414
WhatsApp нөмірі - +7-771-202-85-25

Қазақстан 2050

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
  • Бағыттар  
  • Бөлімдер   

ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ

Қазан 2017
ДүСеСәБеЖұСенЖе
      
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31
     

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет көрсетушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

  • Құқыңыз бар!

  Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 4 бабына сәйкес Сіз (қызмет алушы) Стандартқа сәйкес сапалы мемлекеттік қызмет алуға құқыңыз бар.

  Егер Сіз, мемлекеттік қызметтер көрсету аясында, Сіздің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңіз бұзылды деп санаған жағдайда, шағым беру жолымен Сіздің шағымдануға құқыңыз бар:

- жоғары тұрған мемлекеттік мекемеге (қаралу мерзімі шағымды тіркеу күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей);

- қызмет көрсетушіге, «Азаматтарға арналған Үкімет» МК-на (ХҚКО) (қаралу мерзімі шағымды тіркеу күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей);

- мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті орган болып табылатын, Қазақстан РРРРеспубликасының, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет Министрлігінің Департаментіне (қаралу мерзімі шағымды тіркеу күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей, мына мекен-жай бойынша: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік к-сі, 4. Тел.: 8 (7232) 76-50-82, www.kyzmet.gov.kz;

- бұзылған құқықтар, бостандықтар және заңды мүдделер туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқыңыз бар.

 

  • Біліңіз!

  Шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына (ШҚО Білім басқармасының Басшысына – Садыкова А.Е.) не болмаса, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге байланысты сұрақтар бойынша, мемлекеттік органдардың мекен-жайлары бойынша облыстық маңызы бар облыстың, ауданның, қаланың тиісті жергілікті атқарушы органының басшысының атына, қалада аудан әкімінің, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің атына беріледі.

  Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол қызмет берушінің кеңсесі арқылы («Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ, 070004, ШҚО, Өскемен қ., Қазақстан к-сі 59/1, e-mail:bilimvko.gov.kz) немесе тиісті жергілікті атқарушы орган арқылы қабылданады.

  Шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып немесе шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнін, мерзімін және берілген шағымға жауап алу орнын көрсете отырып, қызмет берушінің, не болмаса тиісті жергілікті атқарушы органның кеңсесінде қолхат (талон) беру болып табылады.

  Мемлекеттік Корпорация (ХҚКО) жұмысшысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ХҚКО-ның басшысына www.con.gov.kz. интернет-ресурсында көрсетілген, мекен-жайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.

 

  • Біліңіз!

  Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы, шағымда Сіз көрсеткен мекен-жайға Сізге жіберіледі немесе қызмет берушінің, не болмаса тиісті жергілікті атқарушы органының кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

 

  • Есте сақтаңыз!

  Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында Сізден талап етуге жол берілмейді:

1)   ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды;

2)   түпнұсқалары қызмет көрсетушіге салыстыру үшін ұсынылған, нотариалды куәландырылған құжаттардың көшірмелерін.

 

  • Маңызды!

  Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапалылығына байланысты сұрақтар бойынша  Сіз Бірыңғай байланыс-орталығына жүгінуіңізге болады.

1414 нөміріне қоңырау шалу кез келген оператордан Қазақстанның барлық аумағында тегін, ал Орталықтың өзі тәулік бойы жұмыс істейді.

 



Нравится ли Вам наш сайт?KZ





Барлық дауыстардың саны: 311